Previous Page  223 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 223 / 336 Next Page
Page Background

223

Мәшһүр сахабалар

білдірді. Хазірет Омар шағымдарын айтуын талап етті.

Олар:

– Таңертең міндетіне ерте келмейді. Тіршілік

қызған кезде бірақ келеді, – деді. Халифа Омар:

– Бұдан басқа қандай үлкен кемшілігі бар? – деді.

– Кеш қарайғаннан кейін ешқайсымызды қабылда-

майды. Әр айда бір күн тәулігінде біз оны көре ал­

маймыз. Кей кездері есінен танып, құлап қалады, – деп

бүкіл шағымдарын тізбектеді.

Бұқарамен жүздескеннен кейін халифа Омар

Әмирді қасына шақыртып алып бұл шағымдардың

себебін жеке-жеке сұрады. Әрі ішінен “Аллаһым,

Саид ибн Әмир жайлы менің жақсы ойымды жалғанға

шығара көрме”, – деп дұға етіп отырды.

Айтылған шағымдарды тыңдап болған соң Әмир

байсалды қалпында:

– Омар, негізі бұларды айтуға зауқым жоқ. Алайда

шағым болып түскендіктен мен де амалсыз айтамын.

Міндетіме кешірек баруымның себебі, үйде қызметшім

жоқ. Әйелім науқас, үй жұмыстарының көбін өзім

істеймін. Таң атысымен ерте тұрып қамыр ашытып, нан

пісіремін. Балаларымның таңғы асын ішкізіп болған

соң, дәретімді алып, халықтың алдына шығамын.

Түнде ешкімді қабылдамаймын. Өйткені, күндізімді

халыққа, түндерімді құдіреті шексіз Аллаһқа арнай-

мын.

Айда бір рет шықпауымның себебі: Қызметшім

болмағандықтан киімдерімді өзім жуамын. Ауыстыра-

тын басқа киімім жоқ. Киімдерім кепкенше, халықтың

арасына шыға алмаймын.

Кей кездерде ес-түссіз талып қалуымның себебіне

келсек: Меккеліктер Хүбәйбті дарға асқан кезде, мен