Previous Page  218 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 218 / 336 Next Page
Page Background

218

Cаңлақ cахабалар

ына қуат, Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігі бақыт

қайнары болды. Ғаламның Рақым Нұрымен (с.а.с.)

бірге бүкіл қиындықтарды бөлісуге шын ықыласымен

көнді. Материалдық жағынан мәз емес еді. Нешеме күн

Аллаһ елшісімен бірге ас-сусыз қалды. Алайда рухы

тоқ, көңілі шат-шадыман. Шақырған әр азаны рухына

ләззат құйып, жүрегіне қуаныш сыйлады.

Хазірет Біләл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мақтауы

мен марапатына қаншама рет ие болса да марқайып

кетпейтін. Үнемі кішіпейілдігін сақтады. Ол: “Мен бар

болғаны жай бір Хабашимін (эфиопиялық). Кеше ғана

құл едім”, – дейтін. Хазірет Омар: “ Мырзамызды Әбу

Бәкір мырза азат етті” деп хазірет Біләлді – “мырзамыз”

дейтін.

Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы Біләлдің

пайғамбарлар сәруары Мұхаммедке (с.а.с.) деген

сүйіспеншілігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.

Исламды қабылдағаннан кейін бір сәтке де қасынан

ажырамайтын.

Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.с.) ақыретке

аттанғанда, көптеген сахабалар сияқты қайғырып

Мәдинада қала алмады. Аллаһ елшісінің кетуі жүрегіне

жарқырап шуағын төгіп, өмірдің қайнары күннің

сөнуінен де ауыр тиді. Өйткені, Мәдинаның әр тасы

мен топырағы оның есіне Аллаһ елшісін түсіретін. Сол

тұстағы халифа хазірет Әбу Бәкірден Біләл басқа жаққа

кетуге рұқсат сұрады. Әбу Бәкірге барып:

– Ей, Аллаһ елшісінің халифасы! Мен Пайғамбары-

мыздың: “мүминнің ең қайырлы ісі – Аллаһ жолындағы

жиһады” – дегенін естіген едім. Мен де өле-өлгенше

Аллаһ жолында жанымды пида еткім келеді, – деді.

Әбу Бәкір: