214
Біләл Хабаши
“Ей, Аллаһ елшісінің халифасы! Мен
Пайғамбарымыздың: “мүминнің ең қайырлы ісі – Аллаһ
жолындағы жиһады”– дегенін естіген едім. Мен де өле-
өлгенше Аллаһ жолында жанымды пида еткім келеді”.
(Біләл Хабаши)
Пайғамбарымызға алғаш иман еткен бақытты-
лардың бірі. Исламның алғашқы азаншысы. Ислам та-
рихында оның өшпес орны бар.
Түп тегі Эфиопиялық Біләл Ислам шуағы шар-
тарапқа нұрын шаша бастаған шақта Үмәйя ибн
Хәләфтің басыбайлы құлы еді. Дінге шақыру жасырын
жүріп жатқан кезде Исламды қабылдап, әр түрлі азапқа
душар болған алғашқы сахабалардың бірі. Исламның
алғаш пайда болған кезеңінде өздерінің тектілігі мен
мүшрік қоғамындағы беделіне марқайып, Исламнан бас
тартқандар қараңғылықта қалса, Біләл Хабаши аталып
кеткен Біләл ибн Рәуәх дәрменсіздігіне қарамастан, Ис-
ламды қабылдап шірктен құтылды.
Үмәийә ибн Хәләф құлының Исламды қабылдаға-
нын естігенде, төбесіне мұздай су құйылғандай болды.
Ол кезде қожайынының рұқсатынсыз құлдың басқа
сенімді қабылдауы кешірілмес күнә еді. Үмәйя Біләлді
алған бетінен қайтару үшін көрсетпегенді көрсетті.
Күннің тас төбеге жетіп, арабстан шөлінің ми қайнатар
аптап ыстығында Біләлді қарып түсер құмның үстіне
жатқызып, кеудесіне зіл батпан тас қойып: