Previous Page  215 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 336 Next Page
Page Background

215

Мәшһүр сахабалар

“Мұхаммедке тіл тигіз. Лат пен Уззаға иман келтір.

Оларды мойындағанға дейін осы азапты тартқаның

тартқан”, – деді ашуға булыққан қожайыны.

Біләлдің ыстық құмда арқасы оттай жанып, кеудесі

аптапқа шыжғырылып, демі тарылса да, “Аллаһу ахад!

Аллаһу Ахад!” (Аллаһ бір) деумен болды.

Мүшріктер неше күн бойы сол жазаны қолданды.

Күндіз шақырайған күнге қақтаса, кешқұрым мойны-

на жіп байлап, бала-шағаға итше жетектетіп, Меккенің

көше-көше, төбе-төбесін аралатқызатын. Азаптың қыл

арқанын Біләлдің қылбырауына салған сайын, оның

иманы да арта түсті. Қаншама қорқытып, жекіріп,

ұрып-соққандарына қарамастан, бәрібір “Ахад! Ахад!”

деумен болды. Азаптың ауырлығына жүректері

шыдамаған мүшріктер тәңірлерін бір ауыз сөзбен-

ақ мақтап берсе, оны азат етуге көнді. Олар үшін бір

сөздің өзі тәңірлерінің ұлықтығын қорғауға жетерлік

еді. Құрайыштар құлдарының табан тіреп қасарысуын

тоқтата алмай масқара болғандарын мойындағылары

келмеді. Алайда Біләл шын жүректі бір жүрек деп

білгендіктен, әрі иманын, әрі жанын сақтап қалу үшін

бұл бір ауыз сөзді айта салуына болар еді, бірақ оның

өзін айтпай иманын бүтін қорғап, сақтап қалды

200

.

“Ахадты” айтудан бас тартпады.

Түн қараңғылығын жамылып келген мүшріктер:

“Ертең тәңірлеріміз жайлы жақсы сөздер айт. Раб-

бым Лат пен Узза десең сені босатамыз. Сені қинаудан

шаршадық. Біз сені емес, сен бізді зәрезап қылдың”, –

деп көндіргісі келді. Біләл айтқанынан қайтпады.

Қанша қыстаса да Біләлдің көнетін түрі жоқ.

Қожайыны Үмәйя да күнделікті азаптауын тоқтатпады.

200

Р. әл-Бәша, 1, 507.