Previous Page  210 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 210 / 336 Next Page
Page Background

210

Cаңлақ cахабалар

“Расулаллаһтың әскерлерінің сапында едім. Түн

тастай қараңғы. Дұшпанмен бетпе-бет келу үшін таң

ағаруын сабырсыздана күттім. Мен үшін әлемде сол

түннен асқан ләззатты түн жоқтай көрінді. Жетістікке

жеткілерің келсе, жиһадтан тайынбаңдар”

195

.

Хазірет Халид тек соғыс алаңында күреспен ғана

шектелмей өзіне жүктелген Исламды үгіттеу ісін де

өз дәрежесінде орындады. Мысалы, Нәжранға Харис

ұлдарына Исламды уағыздауға жіберілді. Оларға Ис-

ламды түсіне аларлықтай дәрежеде айтып жеткізді.

Харис ұлдары Халидтің уағыздауының нәтижесінде

Исламды қабылдады.

Халид ибн Уәлид қатысқан шайқастарында

Аллаһтыңразылығыналудыкөздейтін.Ярмуксоғысында

гректердің қолбасшысына Исламды уағыздады. Екі

жақтың әскерлері бел суытып жатқан мезгілдің бірінде

Халид ибн Уәлидтің әскери тәжірибесіне таңғалып

онымен сөйлескісі келді. Византиялық қолбасшы Геор-

гий Халидтен:

– Уа, Халид, шындықты айт. Азат адам жалған

сөйлемейді…

Сермегеніңді қақырата қаусататындай сендегі

қылышты Аллаһ пайғамбарға көктен түсіргені ме? Ха-

лид:

– Жоқ.

– Олай болса, неге “Аллаһтың қылышы” деп

аталдың?

– Аллаһ бізге пайғамбар жіберді. Кейбіреу оны

мойындаса, кейбіреу оның айтқандарына сенбейді.

Мен де сол сенбегендердің қатарында болатынмын.

195

Хаятус-сахаба, 1:333.