Previous Page  208 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 208 / 336 Next Page
Page Background

208

Cаңлақ cахабалар

Пұттың бейнесіндегі бүкіл шіркке қарсы күрескендей

жігер көрсетті. Бұл маңызды істі бітіргеннен кейін

Аллаһ елшісіне барып міндетін атқарғанын айтты.

Аллаһ елшісі:

“Уззаның абыройы айрандай етілді. Бұдан былай

арабтар үшін Узза жоқ. Оған енді ешкім табынбайды”,

– деді.

Халид де Аллаһқа мадақ айтып:

“– Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге Исламдай ақиқат

дінін сыйлап, құрдымға кетуден сақтап қалған Аллаһқа

мадақ! Мен әкемнің жүз түйесі мен қойының ішінен

ең жақсысын таңдап, Узза үшін сойғанын, оның

қасында үш күн қалып үйге қуанышы қойнына сыймай

келгенін көрдім. Әкемнің бүкіл ғұмырын пида еткен

сеніміне, естімейтін, көрмейтін, зияны да, пайдасы да

жоқ қу тақтайдан жасалған пұтқа құрбандық шалып,

соншалықты алданғанына қайран қаламын”, – деді

191

.

Басқа да сахабалар сияқты хазірет Халидтің де

Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі шексіз еді.

Халид Ұхұтта мұсылмандарды үлкен зиянға

ұшыратса да Аллаһ расулына (с.а.с.) келіп мойынсұнып,

серттесіп қол қысқаннан кейін, өзін Аллаһ елшісінің

(с.а.с.) бір бөлшегі сияқты сезінді. Тіпті алғашшайқасқа

оны алып шықпау Халидке ауыр тиіп, таң ағарып

атқанша боздап жылаған еді.

Йәрмук шайқасынан көтерілген шаңнан күн

тұтылғандай. Қан судай ақты. Ажал қылыштары

сермеліп, зыңылдай ұшқан жебе, зулаған оқтардан көз

тұнады. Осындай сәтте даңқты қолбасшы Халид ба-

сынан түсіп қалған сәлдесін іздеп алас ұрды да қалды.

Ажал қатері қаперіне де кірмейді. Әскерлеріне сәлдесін

191

Табақат, 1:339; Сира, 4:239.