206
Cаңлақ cахабалар
Ислам сайыпқырандарын жеңіске бастады. Қалған
мұсылман әскерлерін Мәдинаға шашау шығармай
аман алып қайтты. Осы шайқаста Екі Жаһан Сарда-
ры (с.а.с.) қаһарман Халидке “Сәйфуллаһ” – Аллаһ
қылышы деген ат таңды
189
. Тарихшылардың айтуынша,
мұсылмандардың саны – үш мың, византиялықтардың
әскер саны – жүз мың болыпты.
Сахабаларды теңдессіз етіп тәрбиелеуде алдына
жан салмаған Аллаһ елшісі әркімнің қабілет-қарымына
қарай қызмет артқандықтан ол міндетін толық атқарған.
Сәйфуллаһ атанған Халид барлық жерде Аллаһтың
алып түсер алмас қылышы болып, ешқашан жеңілуді
білмеді. Аллаһ елшісі уаһиге сүйенген парасаты
арқылы мемлекеттің негізін ұстап тұратын тетіктерді
орнымен қолдана білді. Ол қасиетті мектебінде Ха-
лид сияқты талай әскери тарландарды, әлемге әйгілі
соғыс қолбасшыларын тәрбиеледі. Яғни, олардың
қабілеттерін шыңдады. Хазірет Халид сол мектепте
тәлім алып, бойындағы қабілеттерін кемелдендірген
ұлы қолбасшы дәрежесіне жетті.
Мутә ұрысы – Исламның атақ-даңқы жер жаруы-
на септігін тигізген шайқас. Бұл шайқас – қолбасшы
Халидтің „Аллаһ қылышы” деген атқа лайық екенін
көрсеткен шайқас. Үшбу шайқаста Аллаһ елшісінің
ең жақсы көрген сахабаларының үшеуі шейіт болған
еді. Жеңіске жеткізген Мутә шайқасынан кейін күллі
шартарапқа Исламның саяси ықпалы мықтап мойын-
далды. Бұдан кейін Бәну Асфарда Исламның атағы
жайылып, Аллаһ елшісінің аты ол жаққа да жетті.
Иә, саңлақ сахабалары да адамзатқа сый ретінде
жіберілген Нәбиге (с.а.с.) жасалған бір тарту бола-
189
Табақат, 2:128-130; әл-исәбә, 1:413.