Previous Page  203 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 203 / 336 Next Page
Page Background

203

Мәшһүр сахабалар

қосылды

188

. Амр ибн Ас Мекке мүшріктерінің ең ай-

лалы, көзіқарақты саясаткері болатын. Мүшріктердің

қатарында жүрген кезде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қатерлі

қастандық жоспарын құрушы азулы дұшпандарының

бірі болатын.

Нұрлы Мәдинаға үшеуі бірге жетті. Оларды

Халидтің бауыры Уәлид күтіп алып:

“Тезірек жүріңіздер. Расулаллаһ сіздердің келе

жатқандарыңызды есітіп, қатты қуанды. Ол сіздерді

тосып отыр”, – деп сүйінші хабар жеткізді.

Ислам бақытына бөленуге бет алған бұл үш баһадүр

жайлы Аллаһ елшісі:

“Мекке өз сүйіктілерін құшағымызға табыс етті”,

– деді. Шынында да, бұл үшеуі мұсылмандарға қарсы

шайқасқан мүшріктердің ең жаужүрек ерлерінен

еді. Әрине, мұндай күштердің мұсылмандарға келіп

қосылуы Исламның бұғанасын қатырып, буынын бекіте

түспек. Тағдыр тамаша сыйын тарту етті.

Аллаһ расулы (с.а.с.) өзіне топтанып келгендерді

ғана емес, жеке келген адамдарға да айрықша мән

беретін. Амр ибн Ас және Халид сияқты құрайыштың

асыл ұлдары, дара тұлғалардың алдынан шығу үшін

өзінің сахабаларын жіберіп үлкен ілтипат көрсетті.

Халид сияқты Меккенің белді кісісіне жылы шырай

мен ыстық ықыласын білдіргенде, Халид ибн Уәлид

бақыттан басы айналады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Мен

Халид осыншама ақылды бола тұра қалайша күпірлік

ішінде жүр деп таң қалып, сенің бір күні келіп Исламды

қабылдайтыныңа нық сенімді едім”, – деді.

Халид ибн Уәлид ескі күнәларын еске алып,

іштей қынжылды. Пайғамбарымыздан күнәларының

188

Муснәд; 4:158.