199
Мәшһүр сахабалар
үкім бер. Аллаһ тағала сенің бойыңнан шынайылық
көрсе, саған жәрдем беріп, жетістікке жеткізеді.
Егер бір мәселенің шешіміне ақылың жетпесе, ол
мәселенің анық-қанығына жеткенге дейін күте біл
немесе маған хабар жібер. Нәпсіңнің азғыруына
ерме. Нәпсіңнің азғыруы сені жәһаннамға бастайды.
Халыққа қайырымды әрі мейірімді бол. Әй, Муаз олар-
ды Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екендігіне және менің
Аллаһ елшісі екеніме куәлік етуге шақыр. Егер мұны
қабыл етсе, Аллаһтың бір күнде бес уақыт намазды па-
рыз еткенін айт. Мұны да қабылдаса, байлардан алы-
нып, кедей-кепшікке берілетін зекеттің оларға да парыз
етілгенін айт
184
”.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Муаз ибн Жәбәлге
айтқан мына қағидаларын ақиқаттың жаршылары
мұсылмандардың ұстанатын өмірлік ұстанымына ай-
налдыру керек. Пайғамбарымыз:
– Халықты Исламға үндегенде оны қиындатпай,
жеңілдетіңдер. Үрейлендіріп үркітпей, сүйіншілеңдер.
Бас-басыңа би болмай, бірігіңдер. Маған ең жақын
болғандар – толығымен мойынсұнғандар мен (қайда
жүрсе де) Аллаһқа құлшылық етуін үзбейтін тақуа
иелері, – деген.
Өсиетін айтып болған соң қиын да жауапты
іске лайық деп тапқан жақсы көретін сахабасымен
бақұлдасады:
“Әй, Муаз! Бәлкім, бұл біздің соңғы кездесуіміз
шығар. Аллаһ сені дінде жетістікке жеткізіп тура
жол нәсіп етсін. Алдыңнан, артыңнан, оңыңнан,
солыңнан, төбеңнен және астыңнан келуі бек мүмкін
барлық пәле мен қатерден сақтасын. Адамдар мен
184
Бухари, зекет, 1.