Previous Page  197 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 197 / 336 Next Page
Page Background

197

Мәшһүр сахабалар

ген кезде (“Нәхл”, 120) “Муаз да сондай еді. Қайырды

біліп, сол жақсы жолды ұстанатын. Аллаһ пен елшісіне

бағынатын” деп оны Ибраһимге (а.с.) ұқсатқанды

178

.

Муаз ибн Жәбәл Ардақты елшінің хадистерінің

бізге дейін келіп жетуіне зор үлес қосты. Ол Абдуллаһ

ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Омар тәрізді т.б. сахаба-

лардан хадис риуаят еткен. Ал, одан Әнәс ибн Мәлік,

Мәсруқ, Әбу Туфәйл, Әсуәд ибн Һиләл, Әбу Мүслим

әл-Хәуләни, Абдуллаһ ибн Қайс және Абдуллаһ ибн

Ғәнам сияқты кісілер хадис риуаят еткен. Ол риуаят

еткен хадистердің саны – жүз елу жеті ғана

179

.

Муаз ибн Жәбәл (р.а.) – фақиһ

180

сахабалардың бірі.

Пайғамбарымыздың көзінің тірісінде Үбәй ибн Қәғб

және Зәйд ибн Сәбит сынды сахабалар сияқты пәтуа

бере бастаған. Хазірет Муаз білімге көп мән беретін.

Пайғамбарымыз ол жайлы:

“Үмбетімнің арасында харам мен халалды ең

жақсы білетін – Муаз”, – деген

181

.

Қараңғылық пен жарықтың ара жігін айыра білетін

Муаз ибн Жәбәл шынайы білім жайлы былай дейді:

“Білім игеріңіздер. Өйткені, ол Аллаһтан қорқуды

күшейтеді. Ғылым іздеу – ғибадат. Ғылыми мәселелерді

талқылау – Аллаһты ұлықтау деген сөз. Ғылымды паш

ету – жиһад. Білмегендердің көзін ашу – садақа. Білімді

лайық адамдарға үйрету – құлдыАллаһқа жақындатады.

Өйткені, ілім арам мен адалды, ақ пен қараны ажыра-

тып береді.

178

Усдул-ғаба, 7, 197.

179

әз-Зәһәби, Тәзкирәтуль-хуффаз, 1, 19-22.

180

Фақиһ – Ислам хұқығының маманы, үкім шығарушы дін

ғалымы.

181

Тирмизи, манақыб: 33; Тәжрид тержумеси, 1, 84.