Previous Page  196 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 336 Next Page
Page Background

196

Cаңлақ cахабалар

мен сендердің араларыңнан дұғаларды қабыл етуші.

Олай болса ешкім құбыласына қарап түкірмесін. Егер

түкіруі қажет болса, не сол жағына немесе сол аяғының

астына түкірсін” дегенді. Муаз бұдан кейін “Ислам-

ды қабылдағаннан бері оң жағыма түкірген емеспін”

деп, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бүкіл іс-әрекеттерін үнемі

қайталап, өнеге алғандығын көрсетіп кеткенді

175

.

Муаз ибн Жәбәлдің басты ерекшеліктерінің бірі

– Құранды жатқа біліп, тамаша әуезбен оқуында еді.

Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.а.с.):

“Құранды мына төртеуінен: Абдуллаһ ибн Мәсғұт,

Үбәй ибн Кәғб, Муаз ибн Жәбәл және Әбу Һузәйфәдан

үйреніңдер” деп бұл ерекшелігін атап кеткен. Ол

Пайғамбарымыздың дәуірінде Құран кәрімнің жина-

стырылуына көп еңбек сіңірді

176

.

Муаз ибн Жәбәл тақуалыққа ерекше мән беретін.

Түннің бір уағында үнемі тәһәжжуд намазына тұратын.

Ол мінәжәттан соң:

“Аллаһым! Дәл қазір көз біткен ұйқыға шомған,

көкте жұлдыздар жылтырайды. Сен болсаң әрқашан

ояу, жаратқандарыңды тегіс қадағалап тұрасың…

Раббым, маған дүние мен ақыретте тура жол нәсіп ет!

Шүбәсіз, Сен берген уәдеңнен таймайсың” деп дұға

ететін

177

.

Ибн Мәсғұт Муаз жайлы:

“Еш шүбәсіз Аллаһқа бет бұрған мойынсұнуы

терең жан еді, Аллаһқа серік қосушылардан болма-

ды” деген. Оған: “Бұл сіздің айтқандарыңыз Құран

кәрімде Ибраһим пайғамбар жайында айтылған” де-

175

Бухари, тәжриди сарих тержумеси, 2, 353-354.

176

Муснәд, 2, 190; Тәжрид тержумеси, 9,401; 10,22.

177

Усдул-ғаба, 7, 194-197.