Previous Page  191 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 336 Next Page
Page Background

191

Мәшһүр сахабалар

мұсылман болғандар өздеріне Құран тағылымдарын

үйрететін ұстаз сұрады. Пайғамбарымыз олардың

бұл өтінішін қабыл алды. Пайғамбарымыздың бір

ерекшелігі – адамды дұрыс таңдауда қабілеті зор басшы

болатын. Ол ақылына көркі сай, жұмсақ тілді, байып-

ты да биязы Мусғабты бұл іске лайық көреді. Хазірет

Әбу Бәкір, Омар, Әли сынды сахабалардың болғанына

қарамастан, Аллаһ елшісінің Мусғабты таңдауы –

оның зор қабілеттілігінің белгісі. Осылайша Мұсғаб

Мәдинадағы алғашқы Исламды уағыздаушы болды.

Меккеден келген қадірлі қонақты Мәдинада Әсәд

ибн Зурәрә өз үйіне түсіреді. Ел-жұртын тастап келген

Мусғаб ибн Ұмәйр Мәдиналықтарға Ислам негіздерін

бар ықыласын салып үйретеді. “Мәдениеттілерге

ақиқатты қабылдату күшпен емес, санасын оятып,

көздерін жеткізу арқылы ғана мүмкін” дейтін қағиданы

берік ұстанды. Тек күштінің ғана дәурені жүріп тұрған

кезеңінде уағыздау ісін өз деңгейінде алып жүре алған

ер еді. Алдына келгендерді майда тілімен, көркем

мінезімен Исламды уағыздап, иман келтіртуге себепкер

болатын. Қылышын білеп, қаһарын төгіп келгендердің

жүрегі иман нұрына шомылып қайтатын. Қабағынан

қар жауып келгендердің онымен сұхбаттасқан соң мұз

болып қатқан көңілдері елжіреп шыға келетін.

Сағд ибн Муаз Мусғаб ибн Үмәйрдің Исламды

уағыздап жүргенін естіп “Мәдинада ешкімнің бүлік

шығаруына мүмкіндік бермеймін” деп Әсәд ибн

Зурәрәнің үйіне салып-ұрып жетіп барды. Бұл кезде

Мұсғаб айналасындағыларға әдеттегідейжұмсақ тілімен

ақиқатты уағыздап жатады. Сағд оған дөңайбаттанып,

дөрекілік көрсетеді. Хазірет Мұсғаб: “Бауырым, ал-

дымен менің не дейтінімді тыңда. Егер ұнаса, қабыл