189
Мәшһүр сахабалар
Осындай қызығарлық өмір ішінде балқып-шалқып
жүрген кезінде, бір күні Пайғамбарымыздың уағыздаған
діні жайлы хабарлар құлағына жетті. Қызығушылықпен
Пайғамбарымызға барды. Нұр Пайғамбардың (с.а.с.)
аузынан шыққан тамаша лебіздер әне-міне дегенше
жүрегін баурап, иман нұры кеудесіне сәуле болып
құйылды. Ол осылай мұсылман болды. Қараңғылықтың
бұғауынан сырылып иман кәусарының шырын дәмін
алған ол, айналасындағылардан тартынғандықтан
мұсылмандығын жария етпеді. Намаздарын да жасы-
рын оқып жүрді.
Алайда жасырынып намаз оқуы ұзаққа созылма-
ды. Күндердің күнінде мүшріктердің біреуі оның намаз
оқығанын байқап қойып, әке-шешесіне жеткізеді. Осы
кезден бастап Мусғабтың өміріне түпкілікті өзгеріс
енді. Оны жақсы көріп құрмет тұтатын мүшріктер, тек
Исламды қабылдағаны үшін оған әр түрлі қысым мен
қиындықтар көрсете бастады. Абақтыға да қамады.
Содан кейін ол бір топ мұсылманмен бірге Эфиопияға
һижрет етті. Ол жақта біраз уақыт болып, туған жеріне
қайта оралды. Алайда ештеңе өзгермей таз қалпында
қалыпты. Жанұясы мен жақындары оған бұрынғыша
дұшпан күйінде қала берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабалары-
мен әңгімелесіп отырған кезде Мусғаб ибн Ұмәйр
қастарына келіп сәлем береді. Сахабалар оған көмектесе
алмағандықтары үшін оның алдында қысылған күй
кешті. Сүйікті елші (с.а.с.) Мусғабтың сәлемін алғаннан
соң:
“Жер жүзінің бүкіл адамдарын өзгерте алатын
Аллаһқа мадақ! Мына жас адамды көріп тұрсыңдар ма?
Бұрын әке-шешесінің ең сүйіктісі еді. Аллаһқа және