185
Мәшһүр сахабалар
Жанындай жақсы көрген ағасы Аллаһтың ары-
станы, шейіттердің мырзасы Хамзаны шейіт еткен
Уахшидің де мұсылман болуын қалап, оған бірнеше
рет хат жазды. Ең соңында мына аятты:
“Айт: ”Әй, өз
нәпсілеріне зұлымдық жасаған құлдарым! Аллаһтың
мейірімінен үміт үзбеңдер. Өйткені, Аллаһ
–
бүкіл
күнәларды кешіруші. Шүбәсіз, ол тым кешірімді
әрі өте мейірімді”
163
жазғаннан кейін Уахши тәубаға
келіп, мұсылмандықты қабылдады.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хазірет Хамзаға деген
сүйіспеншілігі ерекше еді. Оның өлімі жүрегіне терең
жара салған оқиғалардың бірі болды. Сондықтан да
ол Уахши мұсылман болғаннан кейін оған: “Мүмкін
болса менің көзіме түспеуге тырысшы. Әйтпесе, сені
көрген сайын Хамза есіме түсіп, жүрек-бауырым езіліп
кетеді. Бойымды сезім билеп, өз міндетімді толық
орындай алмай қалудан қорқамын”, – деп өтініш жа-
сады. Мұсылман болып, иман шәрбаты тату бақытына
ие болған Уахшиге бұл ауыр тисе де, Пайғамбарымыз
дүние салғанша көзіне түспеуге тырысты. Алайда үнемі
Расулаллаһты (с.а.с.) аңдумен болды. “Енді көзіме
көріне аласың” деп айтып қала ма деген үміті үзілмеді.
Алайда сарғая күткен үміті орындалмады. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) ол сөзді айтпастан бұ дүниемен қош айтысты.
Бұл суық хабар Уахшидің жүрегіне инедей қадалды
164
.
Баһадүр Хамзаны (р.а.) өлтіріп, ауыр күнәға батқан
Уахши тәубаға келсе де, бәрібір жаны жай таппай,
ішкені ірің, жегені желім болады. “Қайтсем, бұл күнәмді
жуып-шаямын” деумен жүргенде мұсылмандар жалған
пайғамбар Мусәйламатул-кәззәбтың көзін жою үшін
163
Зумәр 53.
164
ан-Нурул Халид, 1:196-199.