Previous Page  181 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 336 Next Page
Page Background

181

Мәшһүр сахабалар

– Хамза ибн Әбдүлмүттәліп, – деген жауап берілді.

Мүшрік:

– Біз не көрсек, соның кесірінен көрдік

160

, – деп

Хамзаның жанкештілігіне назаланса керек.

Бәдір шайқасындағы жеңілістің ащы дәмі

кеуделерін қыжылдатқан мүшріктер жаңа шайқасқа

қызу дайындалды. Басқа мүшрік тайпаларынан жәрдем

сұрап күшті қол жинады. Бұл шайқасқа мүшріктердің

әйелдері де қатысатын болды. Олар Бәдіршайқасындағы

масқара жеңілістен кейін еркектерін өш алу үшін

мұсылмандарға қарсы айдап салды.

Жүбәйр ибн Мұтғидың Уахши атты Эфиопиялық

басыбайлы құлы бар еді. Ол эфиопиялықтарға тән найза

толғауда өте ұста болатын. Хазірет Хамза Жүбәйр ибн

Мұтғидың көкесін Бәдірде өлтірген-ді. Ол көкесінің

өлімін жадынан өшіре алмай, Уахшимен сөйлесіп, егер

Хамзаны өлтіретін болса азат етуге уәде берді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаның ішінде қалып,

қорғаныс шебін құруды ойлады. Алайда Бәдір шайқасына

қатыса алмаған кейбір мұсылмандар Мәдинаның сыр-

тына шығып, бетпе-бет ұрысатынын білдірді. Сүйікті

елші (с.а.с.) сахабалардың бетін қайтармады. Хамза да

қаланың сыртында шайқасуды қалағандардың ішінде. Ол

Пайғамбарымызға: “Саған кітапты түсірген Аллаһқа серт

беріп, ант ішейін,Мәдинаныңсыртындаосықылышыммен

жауымды жайратпайынша, менде тыныштық болмай-

ды”, – деді. Ертесінде таңертең Пайғамбарымыз (с.а.с.):

“Түсімде періштелердің Хамзаны шомылдырғандарын

көрдім”, – деп, оның шейіт болатынын алдын ала хабар

берген еді.

160

Табарани, мәжмауз-зәуәид, 6/81 ден Қандыхләуи, 2: 553.