184
Cаңлақ cахабалар
қанағаттанбай құнтитып құлақтарын кесіп, өлі денесін
аяусыз кескілеп, адам айтқысыз айуандық жасады.
Тіпті өкпе-бауырына қол салып, айызы қанғанша әбден
тістелеп шайнады.
Меккеге барғаннан соң Уахши азат етілді. Мекке
алынғанға дейін де сол жерде тұрып, Мекке алынған
кезде Таифке қашты.
Ислам – бүкіл адамзатқа түсірілген дін. Тәубе етіп
ақиқат жолына түсушілерге есігі әрқашан да ашық.
Ислам – адамдарды азапты жәһаннамға апарар жолдан
құтқарып, Жәннатқа апаратын бақыт жолын көрсету
үшін келген дін. Тәубә есігі ешқашан да жабылмақ
емес.
Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыз
(с.а.с.) ешбір жанның иманнан нәсіпсіз қалғанын
қаламайтын. Меккені алғаннан кейін өзіне талай
қиындық көрсеткен мүшріктерге: “Бұл күні ешкім айып-
талмайды, бәрің боссыңдар” деп біреуіне де қол тигізіп,
қатты сөз айтпады. Өйткені, ол адамзатты құтқару үшін
жіберілген еді.
Ардақты елшінің (с.а.с.) мейірімділігі мұнымен де
шектелген жоқ. Ол өзіне ең көп қиындық көрсетуші,
зұлымдығы әкесінікінен де асып түсер Әбу Жәһилдің
баласы Икриманы да мұсылман болуға шақырды.
Пайғамбарымызға еріп, Икрима мұсылман болды. Ис-
ламды қабылдамай тұрғанда мұсылмандарға кедергі
жасауға қандай күш жұмсаса, мұсылман болғаннан
кейін Ислам үшін екі есе қайрат көрсетіп, Аллаһ жо-
лында шейіт болды
162
.
162
М.Фатхуллаһ, ан-Нурул Халид Мухаммад мафхаратул-
инсанияти, Бейрут, 1999, 1:199-201.