186
Cаңлақ cахабалар
Ямамаға шайқасқа аттанады. Аллаһтың алдында өзін
ақтап алудың мүмкіндігі де туды, ол – Исламның ең
мықты дұшпанын өлтіру. Көктен іздеген мүмкіндікті
жерден тауып берген Аллаһқа мың да бір рақметін
жаудырған күйі хазірет Хамзаны шейіт қылған найза-
сын алып, Уахши Ислам әскерімен бірге аттанды. Уах-
ши майдан даласында қапысын тауып Мүсәйламаны
найзасымен жаншып өлтірді
165
. Артынша сәждеге
жығылып:
“Мұсылман болмай тұрып мұсылмандардың ең
қайырлысын шейіт қылдым. Мұсылман болғаннан
кейін кәпірлердің ең азулысын өлтірдім. Енді сенің
көзіңе көріне алам ба?”
166
– дейді Пайғамбарға қарата
тарам-тарам жас жуған бетін сүртуге шамасы келмей.
Қаншама хас сахабаның өмірін қиған Ұхұт
шайқасы осылай аяқталды. Дұшпанның қатары сетінеп,
біртіндеп шегіне бастады. Пайғамбарымыз Хамзаның
(р.а.) өлтірілгенін естіп, сүйегін соғыс болған алаңнан
іздеп таппады. Шайқас аяқталғаннан кейін мәйіттіңжан
түршіктірерлік халін көргенде, таңғала жағаларын
ұстасты. Еріндері дірілдеп, көкірегін кек керней былай
деді:
“Әй, Аллаһ пен елшісінің арыстаны Хамза! Ей,
ізгілік иесі Хамза! Ей, Аллаһтың елшісін бүкіл жаны-
мен қорғаған Хамза! Аллаһ саған мейірімін төксін! Егер
сенің артыңнан аза тұту керек болса, сенің өліміңнен
кейін қуануды ұмытып, әрдайым жылар едім
167
”
.
Бұған дейін Аллаһ елшісінің мұншама мұңайғанын
ешкім көрмеген. Шейіттердің мырзасы Хамзаның (р.а.)
165
Бухари, 5, 36-37.
166
Ибн Исхақ, әл-бидая, 4/18.
167
Табақат, 3, 13-14.