188
Мусғаб ибн Ұмәйр
“Анашым, мен Мұхаммедтің дінін ұстанамын. Ол
–Аллаһ тағаланың жіберген хақ діні. Менің өздеріңізге
деген сүйіспеншілігімді жақсы білесіз. Мен сенген Аллаһқа
және елшісіне сіз де сеніңіз. Мұны шын жүректен
қалаймын, анашым”.
(Мусғаб ибн Ұмәйр)
Сахабалардыңәрбіреуі алқаракөкаспандағыжұлдыз
шоғырындай болып көзге түсетін еді. Шаңытқан құс
жолы олардың арпалысқа толы ғұмырындай елестейді.
Әрқайсысының бойында бізге өнеге боларлық тұнып
тұрған қасиеттер бар. Біреуі – әділдігімен, біреуі –
сенімділігімен, енді біреуі – шынайылығымен, және
біреуі – батырлығымен, тағысол сияқтыадамбаласының
ең құнды қасиеттеріне ие болған сахабаларды танып-
білу – Ислам құндылықтарын терең танып-білумен
бірдей. Сол жарық жұлдыздардың бірі – Мусғаб ибн
Ұмәйр.
Ол мұсылман болй тұрып Меккенің ең шырайлы,
жас та сыйлы тұлғаларының бірі еді. Отбасындағы
бір дегені екі етпей орындалатын, ең сүйікті еркесі
болатын. Анасы оны шыттай киіндіріп, үстіне жұпар
аңқыған хош иісті әтір бүркетін. Меккеліктер де көктен
түскендей көркем жігітке таң-тамаша болып қарасатын.
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол жайлы:
“Меккеде Мусғаб ибн Үмәйрден әдемі киінетін,
сымбатты әрі байлыққа кенелген жасөспірімді көрген
емеспін” деген болатын
169
.
169
Табақат, 3:116.