Previous Page  190 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 336 Next Page
Page Background

190

Cаңлақ cахабалар

Елшісіне деген сүйіспеншілігі әке-шешесінен басым

түсті. Ол Аллаһ пен Расулын таңдады”, – деді

170

.

Тағы бір реті келгенде оның сүйек кеміріп

отырғанын көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) жанындағы

сахабаларға қарап:

“Мына адамды көріп тұрсыздар ғой. Әке-шешесі

оған ең дәмді тағамдарды бергеннің өзінде олар-

ды тастап, бізбен бірге аштыққа көнді” – деп, оның

жанкештілігін атап айтқан еді.

Пайғамбарлар падишасының (с.а.с.) бұл марапат-

тауына ие болғанМусғаб ибн Ұмәйр шынында да Аллаһ

пен Расулы үшін бар құнды нәрсесін: үй-жай, ішіп-

жем, көз тартар салтанатты өмірін және әке-шешесін

пида етті. Мұның бәрі ерекше ерік-жігерді талап ететін

үлкен іс. Мусғаб бұлардың бәріне көзді тарс жұмып,

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рухани атмосферасына кірді.

Дүниедегі құнды нәрселерін иманға айырбаста-

маған жанқияр сахаба Мусғабты Аллаһ елшісі (с.а.с.)

мәдиналықтарға Исламды оқытып үйрету үшін мұғалім

етіп тағайындады.

Бірінші Ақаба сертінен

171

кейін Мәдинада Ис-

лам тез қанат жайып тарала бастаған кезде, жаңадан

170

Табақат, 3:116.

171

620

жылы

Мекке

маңындағы

Ақаба

төбешігінде

Пайғамбарымызбен кездесіп, мұсылман болған алты кісі, келер

жылы дәл осы күні, сол жерде бас қосамыз деп Аллаh Расулымен

сөз байласады. Бір жылдан соң алғашқы алты адам қастарына

алты адам ертіп, бас-аяғы он екі кісілік топ Меккеге келеді.

Келісілген жерде Пайғамбарымызбен кездесіп, Аллаhқа серік

ортақ қоспау, ұрлық жасамау, зинақорлық жасамау, балаларын

өлтірмеу, ешкімге жала жаппау, қайырлы істерге қарсылық

білдірмеу жөнінде серт береді. Қандай қиыншылық болса да,

Пайғамбарымызға бағынып, мойынсұнатындықтарын айтады.

Осы сертке – тарихта «бірінші ақаба серті» делінеді.