Previous Page  192 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 336 Next Page
Page Background

192

Cаңлақ cахабалар

етерсің, ұнамаса, міне – мойным, шабам десең өзің біл.

Мен ешқандай қарсылық көрсетпеймін”, – деді. Сағд

ашуын ақылға жеңдіріп, оның айтқандарына құлақ

түреді. Мұсғаб ибн Үмәйрдің жымиған күлкісі, жұмсақ

сөзі мен дәлелдерінің ақылға қонымдылығы шемен бо-

лып қатқан жүрегін жібітеді. Сөйтіп Сағд ибн Муаз

иман еткендердің қатарына қосылды.

Мәдинадағы танымал адамдардың көпшілігі

Мусғаб ибн Ұмәйрдің уағыздауымен Исламды қабыл-

дады. Олардың арасында Үсәйд ибн Хүдәйр

,

Сағд ибн

Убәдә, Сағд ибн Муаз

сияқты

атақты сахабалар бар

еді.

Әсәд ибн Зурәрәнің үйі Құран нәріне қанып, Ис-

лам ақиқаттарының кең жайылуына себепкер болған

орталыққа айналды.

Сандары күн санап өскен мұсылмандар Мәдинада

жұма намазын оқығысы келетінін Пайғамбарымызға

(с.а.с.) айтып, рұқсат алды. Ансарлардан Сағд ибн

Хайсәмәнің үйінде жиналып жамағат ретінде Мусғаб

ибн Ұмәйрдің имамдығымен алғашқы жұма намазда-

рын оқиды.

Кейінірек хазірет Мусғаб Пайғамбарымызға (с.а.с.)

келіп, Мәдинадағы болып жатқан қуанышты хабар-

ларды жеткізді. Баласының Меккеге келгенін естіп

қойған анасы бұлқан-талқан ашуланып: “Меккеге кел-

ген екенсің, алдымен маған сәлем бермей басқа біреуге

баруға қалайша дәтің барды” деп хабар салады. Мусғаб

ибн Ұмәйр болса анасына:

“Мен Расулаллаһтан бұрын ешкімге бара алмай-

мын”, – деп жауап береді.

Бірақ Пайғамбарымыздан рұқсат сұрап, анасының

қасына барды. Анасы: