Previous Page  198 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 198 / 336 Next Page
Page Background

198

Cаңлақ cахабалар

Ғылым – амалдардың имамы. Амал – ғылымға

бағынышты. Ғылым – Жәннатқа бастар шамшырақ,

жалғыздықта дос, алыста жансерік, қайғымен қуанышта

жол сілтеуші, дұшпанға қарсы қару және достардың

арасында абырой”

182

.

Оның білімдарлығын, ықыласын жақсы

білгендіктен Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.а.с.)

Исламды адамдарға түсіндіріп, Құранды үйретуі

үшін оны Йеменге жібереді. Жолға аттанар алдында

Пайғамбарымызбен арасында болған әңгімені хазірет

Муаз былайша баяндайды:

Аллаһ расулы мені Йеменге жіберер кезде: “Се-

нен бір мәселе жайлы сұралғанда неге сүйеніп үкім

жасайсың?”, – деп сұрады. Мен: “Аллаһтың кітабына

сүйеніп, үкім кесемін”, – деп жауап бердім. “Іздеген

жауабыңды Аллаһтың кітабынан таба алмасаң, неге

сүйеніп үкім жасайсың?”, – деді. “Аллаһ расулының

үкімі бойынша”, – дедім. “Одан да таба алмасаң ше?”,

– дегенде, “Өз ақылыммен ойланып шешемін”, – деп

жауап бердім. Бұл жауапты естіген Пайғамбарымыз:

“Разы болған мәселесінде Нәбиін табысқа жеткізген

Аллаһқа мадақ!”, – деп, йемендіктерге: “Сіздерге

сахабаларымның ішіндегі ілімді, дінді ең жақсы білетін

қайырлы адамды жібердім”, – деп үшбу хат жазып

жіберді

183

.

Муаз ибн Жәбәлге мына өсиетті айтты:

“Әй, Муаз! Әһли китап (Кітап иелері: яһудилер мен

христиандар) қоғамына бара жатырсың. «Жәннаттың

кілті не?» – деп сұраса, “Лә иләһә илләллаһ” – де. Ей,

Муаз, үнемі кішіпейіл бол. Жұмсақ, ақылға қонымды

182

Табақат, 2:347.

183

Табақат, 3, 583-590.