201
Халид ибн Уәлид
“Халид сияқты адам Исламнан қалайша нәсіпсіз
қалады? Бойындағы күш-жігерін мұсылмандардың
игілігіне жұмсаса, өзіне де абзал болар еді”.
(Хадис)
Жеңілуді білмейтін қолбасшы Халид ибн Уәлидтің
(р.а.) өмірі мүлдем қызық. Исламды қабылдағанға
дейін мұсылмандарға қарсы шайқасып, үлкен зиянға
ұшыратса, жүрегі иман нұрымен шайылғаннан кейінгі
бүкіл ғұмыры Аллаһтың дұшпандарына қарсы қылыш
сермеумен өтті. Өзінің өмір тарихын Аллаһ елшісінің
қолын қысып, кәлима айтқан күннен ғана басталғанын
қалайтын. Қолынан келсе, қараңғылықта өткізген
күндерін жадынан із қалдырмай өшіріп тастар еді.
Халид ибн Уәлид мүшріктердің мұсылмандарға
қарсы ұрыстарының бәрінде де алдыңғы шепте жүрді.
Алайда әр шайқастан кейін өзімен өзі соғысқандай күй
кешіп, ағат басқандай жан сарайы жадауланып алай-
дүлей болатын.
Хұдайбия келісімі Халид ибн Уәлидтің мұсылман
болуына жол ашты. Табиғаты арпалысты сүйетін жа-
уынгер рухты Халид үшін бұл бейбіт келісім мұрсат
мерзімі десе де болады. Өйткені, жеке қалған түндерінде
шұғыласы шартарапқа кең жайылып, күннен күнге туы
жоғарыда желбіреген жаңа дін жайлы бір сәт болса да
дұшпандық ниетінен арыла отырып, шынайы пейілмен
ойлана бастады. Аллаһтан тура жолға түсіруді тіледі.
Көкірегіндегі дұшпандығы мен жаман пейілінен ары-
лып, бар пейілімен ой тұңғиығына терең бойлаған