Previous Page  207 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 207 / 336 Next Page
Page Background

207

Мәшһүр сахабалар

тын. Ислам шапағаты демесек, аз уақытта, болма-

шы күш, соғыс тәжірибесі жағынан да басқа мемле-

кеттерден әлдеқайда тәжірибесіз, бір-бірімен үнемі

қырқысып өткен “жалаң аяқ” арабтардың (бұл сөз

оларды кемсіту мақсатында емес, қайта оларға тәнті

болғандықтан қолданылды) мұншама жетістікке

жетуін қалай түсіндіруге болады? Олар бұл іске шын

жүректерімен кірісіп, шынайылықпен ауыр міндетті

мойындарына алу арқылы Аллаһ расулының (с.а.с.)

терең сүйіспеншілігіне ие болған. Егер біздің ұрпақ та

солар сияқты “ақиқат жолы осы” деп одан тайынба-

са, сахабалар сияқты олар да Аллаһ елшісінің (с.а.с.)

сүйіспеншілігіне бөленбек.

Ардақты елші (с.а.с.) Халидты өз үйіне қоңсы

қондырып, атты әскерге қолбасшы етіп тағайындады.

Бұл Ардақты елшінің «Аллаһ қылышына» деген

көрсеткен құрметі еді. Ол Таиф қоршауында, Меккенің

алынуында, Хунәйн соғысында және де басқа да ірілі-

ұсақты ұрыстарға қатысып, Ислам майдангері бола

білді. Хунәйн соғысында жараланды. Аллаһ елшісінің

берекетті дұғасының арқасында жарақаттары жазыл-

ды

190

.

Сүйікті елші Мекке алынғаннан кейін Ұзза пұтын

талқандау үшін Халидті жіберді. Халид мелшиген

меңіреу қара пұтқа қарап:

“– Ей, Узза! Мен саған сенбеймін. Сені

құрметтемеймін де. Өйткені, Аллаһ тағаланың саған еш

құрмет етпейтінін түсіндім”, – деп пұтты күл-талқан

қылды. Өйткені, Ұлы құдірет Аллаһтың қасында

дәрменсіз қара тақтайдан жасалған пұттың еш құны

жоқ. Халид қара пұтты талқандау үшін құлшына кірісті.

190

Усдул-ғаба, 2:103.