202
Cаңлақ cахабалар
сайын Халид Мұхаммедтің (с.а.с.) нағыз пайғамбар
екендігіне көзі жете бастады. Ол мұсылман болудың
оңтайлы кезеңін асыға күтті.
Хұдайбия келісімі бойынша мұсылмандар орын-
дай алмаған Умра сапарларының қазасын өтеуге Мек-
кеге келген-ді. Халид Аллаһ елшісінің көзіне көрінуге
ыңғайсызданып, жасырынып жүреді. Меккеге келген
мұсылмандардың арасында інісі Уәлид ибн Уәлид те
бар еді. Ол Халидті қанша іздестірсе де таба алмады.
Ағасына төмендегі хатты жазып тастап кетті:
“Бисмиллаһи-р-Рахмани-р-Рахим!
Осыншама ақылдыбола тұраИсламдықабылдаудан
қашқаның ақылға қонымсыз. Ислам тәрізді ақиқат
дінінен кім алшақ тұра алады? Расулаллаһ менен “Халид
қайда?”, – деп сұрады. Мен: ”Аллаһ оны алып келеді”, –
дедім. “Халид сияқты адам Исламнан қалайша нәсіпсіз
қалады? Бойындағы күш-жігерін мұсылмандардың
игілігіне жұмсаса, өзіне де абзал болар еді”, – деді.
Бауырым, есіңді жи. Тезірек жет. Мүмкіндікті уыстан
шығарып алма”.
Бұл хат Халидтың Исламға құлшынысын артты-
ра түсті. Әсіресе, Пайғамбарымыздың арнайы сұрап
іздегенін естіген кезде, төбесі көкке жеткендей қуанды.
Түсінде өте тар және құрғақ жерден кең әрі жап-жасыл
бір алаңқайға шыққанын көріп, кейін ол түсін Исламды
қабылдауға жорыған еді.
Халид Аллаһ елшісінің (с.а.с.) құзырына баруға
белінбекембуды. Алайдажалғыз баруғаыңғайсызданып
серік іздеді... Жолда Осман ибн Талхаға кездесті.
Оған ниетін айтып, екеуі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бірге
баруға келісті. Хиддә деген жерге барған кезде Эфио-
пиядан оралған Амр ибн Асқа жолықты. Амр да оларға