Previous Page  205 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 205 / 336 Next Page
Page Background

205

Мәшһүр сахабалар

оның аты да аталмаған. Ол шайқасқа қарапайым әскер

ретінде қатысты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хазірет Зәйд,

Жағфар, Абдуллаһ ибн Рәуәхалардың аттарын атап:

“Егер бұларәлдеқандай жағдайға тап болса, Аллаһ

қылыштарының біреуі істі мойнына алсын” деген. Бұл

жерде есім айтылмаса да, тарих Аллаһ қылышының Ха-

лид екендігін көрсетті…

Шайқас алты күнге созылды. Алтыншы күні

тағдырдың жазуы болып, Аллаһ елшісінің айтқанындай

үш қолбасшы да майдан даласында бірінен кейін

бірі шейіт болды. Ислам әскері қолбасшысыз қалды.

Византиялықтар мұсылмандарды тегіс қырып жіберудің

аз-ақ алдында тұрды. Көптеген сахаба шейіт болды.

Соғыстың жан берісіп, жан алысқан шағында

байрақты Сәбит ибн Әкрәм қолына алды. Сәбит

артындағы Халидты көре сала туды соған ұсынды. Енді

ғана мұсылман болған Халид алдында өзінен бұрын

мұсылман болған мұһажирлер мен ансарлар бар кезде

оларға қолбасшы болуға лайық емеспін деп кішіпейілдік

танытты. Туды алғысы келмей тартыншақтады. Сәбит

ибн Әркәм: “Туды сен қолыңа ал. Өйткені, соғыс тәсілін

сен менен әлдеқайда жақсы білесің. Мен туды саған

беру үшін алдым”, – деп бастырмалады. Сахабалардың

қолқалауымен Халид байрақты қолына алды. Сол

түн Халидтың түні болды. Әртүрлі стратегия жасап,

дұшпанның есін шығарды. Сол қанаттағыларды – оңға,

оңдағыларды – солға, арттағыларды – алға шығарып,

бейне бір жаңа күш келіп қосылғандай көрсетуге ты-

рысты. Көзі таныс үйреншікті адамдарын көре алмаған

византия әскерлері шынымен де жаңа қуат келді екен

деп сасқалақтап қалады. Халид (р.а.) шабуылды үсті-

үстіне үдетіп, бастырмалатып, жеңіліп бара жатқан