211
Мәшһүр сахабалар
Соңында Аллаһ жүректерімізді Исламға бұрып, бізді
тура жолға түсірді.
Пайғамбарымыз маған дұға етіп: “Сен – Аллаһтың
қылыштарынан бір қылышсың”, – деді. Осыдан кейін
мен “Аллаһ қылышы” деп атандым.
Византиялық қолбасшы:
– Сендер халықты неге үндейсіңдер? – деді. Ха-
лид:
– Бір Аллаһқа және Исламға.
– Бүгін Исламды қабылдаған адамға сіздерге
берілгендей сауап пен сый беріле ме? – деп сұрады.
Хазірет Халид бүкіл жан дүниесімен:
– Иә. Бәлкім, ол бізден де жоғары болуы мүмкін.
Сендер бұл дінге бұрын кірсеңдер, бұл қалай бола-
ды?– деді таңырқай.
– Біз Расулаллаһпен бірге өмір сүрдік. Оның
мұғжизаларына куә болдық. Біздің көргенімізді көріп,
естігенімізді естігендердің мұсылман болмауы ақылға
қонымсыз.
Сендер болса оны көрген жоқсыңдар. Сол себепті
сендер ғайыпқа (көзге көрінбеген нәрселер) сенген
боласыңдар. Егер шын ниет әрі ықыласпен Исламды
қабылдасаңдар, сауаптарың мол болады.
Византиялық қолбасшы атымен Халидтің қасына
тақап келіп:
– Уа, Халид, маған Исламды үйрет, – деді. Ол Ха-
лид арқылы жүрегі алып-ұшып, Исламды қабылдады.
Екі бас намаз оқығаннан кейін өзінің бұрынғы
жақтастарына қарсы соғысып шейіт болған еді
196
.
Жеңілмес қолбасшыхазіретӘбуБәкірменОмардың
халифалығы кезінде де қолбасшылық қызметін атқарды.
196
Р. әл-Баша, 1: 502-503.