212
Cаңлақ cахабалар
Ислам дұшпандарының жүрегіне үрей салды. Өйткені,
қол бастаған бүкіл шайқастарында жеңістен жеңіске
жетіп отырды.
Дос та, дұшпан да оның қылышы көктен түскендей
көретін. Әскерлері оны адам кейпінде түсірілген
періштедей қабылдады. Жеңістер үсті-үстіне үдеп, аты
аңызға айнала бастады. Тіпті кейбіреу: “Егер Халид
басқарса шығамыз, болмаса жоқ” дейтіндей дәрежеге
жеткен. Бұл Омарды (р.а.) мазалай бастады. Өйткені,
халық Аллаһтың құдіреті мен жәрдемін ұмытып,
барлық жетістікке Халидтің арқасында жетіп жатыр-
мыз деп сене бастады. Сондықтан да хазірет Омар:
“Халық жеңістерді сенің жеке басыңнан көруде” – деп,
оны қолбасшылықтан алып тастады. Марапат естудің
орнына міндеттен босатылғанын естіген кезде, бұл
әмірге үн-түнсіз басын иеді. Менменсініп, көкірек
қақпады. Халифаның айтқандарын құп алды. Белді,
даңқты қолбасшы бола тұра, кезінде өзінің қол астында
болған қатардағы бір жауынгердің басқаруында шайқас
жолын жалғастырды
197
.
Ұлы мақсатқа жету жолында Халид үшін
қарапайым әскер болу немесе қалың қол басқару ара-
сында еш айырмашылық жоқ еді. Ол жай әскер болса
да, қолбасшы болса да, бойындағы бүкіл қуатын өзі
сенген Аллаһқа, серт берген Елшісіне (с.а.с.) және дін
туының желбіреуі үшін жұмсайтын
198
.
Аллаһтың қолдауымен екі бірдей императорлықты
жермен-жексен еткен Халид дүние салғанда, артында
іліп алар дүние-мүлік қалмаған еді. Бұл –дүние жина-
мау керек деген сөз емес, көңілін өткінші дүниеге бай-
197
Асру-саадат, 2:291.
198
Р. әл-Бәша, 1, 504.