209
Мәшһүр сахабалар
қайткен күнде де табуға бұйрық берді. Сарбаздар әмірді
екі етпей жыртылып-жыртылып қалған сәлдесін тауып
береді. Түте-түтесі шыққан сәлдесін “сонша іздетудің
құпиясы не” деп таңданған әскерлеріне қарап:
– Расулаллаһ (с.а.с.) Умра жасар кезде шашын
алғызды. Сахабалардың бәрі оның шаштарын жер-
ге түсірместен қағып алып жатты. Мен де бәрінен
шапшаң қимылдап, мүбәрак шаштан алып осы сәлденің
ішіне сақтадым. Содан бері қандай шайқасқа кіріссем
де жеңіске жеттім”
192
деп Пайғамбарымызға деген
сүйіспеншілігін көрсеткен еді.
Халид ибн Уәлидтің батырлығы мен жаужүректігін
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлденеше рет мақтан еткен.
Мекке алынып мұсылмандар жан-жақтан жиналған
кезде Халидті (р.а.) байқап қалған Пайғамбарымыз Әбу
Һурәйраға қарап:
– Мына келе жатқан кім? – деп сұрады. Әбу
Һурәйра:
– Халид ибн Уәлид, – дегенде:
– Бұл – Аллаһтың ең жақсы құлы, – деді
193
.
Тағы бір ретінде Пайғамбарымыз хазірет Халид
жайлы:
“Ол бәрін сендер үшін берді. Барын да, жоғын да
шайқастарда Аллаһ жолында сарп етті”, – дегенді
194
.
Халидтің (р.а.) дүниедегі татқан ләззаты – дін
жолындағы жиһады. Жиһадты “ең жақсы көріп үй-
ленген әйеліммен өткізген түннен немесе ұлды бо-
лып сүйіншіленген күннен де тәтті” дейтін. Ол сондай
күндерінің бірін былайша баяндаған екен:
192
Хаятус-сахаба, 3:506.
193
Муснәд, 2:1360.
194
Сунән, 1:163.