Previous Page  204 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 204 / 336 Next Page
Page Background

204

Cаңлақ cахабалар

кешірілуі үшін дұға етуін қатты өтінді. Әлемдерге

рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыз: “Ислам

бұрынғы күнәларды санамайды, толығымен өшіреді”,

– десе де, қанағаттанбай дұға етуін сұрайды. Аллаһ

елшісі (с.а.с.) қолын көкке көтеріп: “Аллаһым, ел-

жұртты сенің жолыңнан алыстату үшін жасағандарын

кешіре гөр!” – деді.

Пайғамбарымыздың жылы шырайынан тебіреніп,

бұдан кейінгі саналы ғұмырын, бойындағы бүкіл

қуатын Ислам байрағын байтақ әлемге желбірету жо-

лында жұмсады.

Бұл үш батырды қылыштың күшімен, мұсылман

ету мүмкін емес еді. Олар Аллаһ елшісінің (с.а.с.)

шынайылығы мен табандылығына, аз уақыттың ішінде

өзінің айналасына бірөңкей асылзада адал серіктер

жинап, олардың ең сүйіктісіне айналғанына таңғалып,

Исламға ықыластылық танытты. Ислам – зорлықпен

қабылданатын дін емес, адамдарды бақытқа жеткізер

ақиқат жолы. Ары таза, зер салып ойланған адам даңқты

сахабалар сияқты бұған анық көз жеткізе алады.

Халид ибн Уәлидтің алғаш қатысқан шайқасы –

Мута ұрысы. Бұл шайқас Пайғамбарымыздың грек пат-

шасына жолдаған Харис ибн Үмәйрдің Шам әкімі та-

рапынан өлтірілуінен туды. Бұл оқиға Аллаһ елшісіне

ауыр тиді, өйткені, ол кезге дейін Елші өлтірілмейтін.

Харис ибн Үмәйр Пайғамбарымыздың елшілерінен –

ең алғашқы әрі соңғы шейіт. Расулаллаһ шұғыл түрде

үш мың кісіден тұратын әскер жасақтады. Әскер басы

болып Зәйд ибн Хариса тағайындалды.

Халид ибн Уәлид Мутә соғысына қатысқан кез-

де екі ай бұрын ғана мұсылман болған еді. Мутә

шайқасына аттанар кезде қолбасшылардың арасында