200
Cаңлақ cахабалар
жындардың жамандықтарын сенен алыстатсын. Сенің
себепкерлігіңмен Аллаһтың бір адамды тура жолға са-
луы сен үшін бүкіл дүниеден артық нәсіп. Ей, Муаз,
қайтып оралғаныңда, бәлкім, менің қабірім мен
мешітімді ғана зиярат етерсің, – деп, Өзінің Ұлы До-
сына (Аллаһқа) аттанарлық күнінің жақындағанын
сездірген еді. Бұл сөздерді естіген Муаз төбесінен жай
түскендей сенделіп, тамағына өксік тығылып, буын-
буыны босап, қолдары қалтырап көзі мөлтілдеп жасқа
толды. Сол сәтте оның Йеменге кетпек тұрмақ, орнынан
тұруға да дәрмені қалмаған еді
185
. Сахабалар үшін Аллаһ
елшісінен (с.а.с.) жырақ қалу қияметтің қиынындай
ауыр соғатын. Оның нұр шашып шапағатқа бөлеген ру-
хани кеңістігінен жырақ қалу өмір шамшырақтарының
маздап барып сөнуіндей үрейлі еді.
Аллаһ расулының (с.а.с.) айтқаны тура келді.
Пайғамбарымыз дүние салғанша Йеменде Ислам жо-
лында қызмет етті. Ол жерде мұсылмандардың саны
күннен-күнге көбейіп жатты. Бір ретінде Нәһә тайпа-
сынан жүз адам бірден оның себепкерлігімен Исламды
қабылдады
186
. Муаз ибн Жәбәл Пайғамбарымыз қайтыс
болып, Әбу Бәкірдің халифалығы тұсында Йеменнен
оралды. Қалған өмірін Сирияда өткізіп Йорданияда
оба індетіне шалдығып, небәрі отыз сегіз жасында
дүниеден озды
187
.
***
185
Муснад, 5:235.
186
Табақат, 3:584.
187
М, Әсәд, Ислам тарихы, ауд. А.Л.Казанжы-О.Казанжы,
Истанбул, 1983, 833.