Previous Page  195 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 336 Next Page
Page Background

195

Муаз ибн Жәбәл

“Ғалымдар қияметте бір жерге жиналған кезде, Муаз

олардан бір оқ атым ілгері тұрады”.

(Хадис)

Азан шақырып қойған аты – Муаз ибн Жәбәл ибн

Амр ибн Әус. Лақабы – Әбу Әбдуррахман. Ансардың

алдыңғы қатарлы сахабаларының бірі.

Әлемдердің Сұлтаны (с.а.с.) оны жанындай

жақын тұтып жақсы көретін. “Әй, Муаз, сені жақсы

көремін” деп бұл сүйіспеншілігін жария етіп айта-

тын. Сахабалардың арасында сымбаттылығымен қоса

сыры терең, жұмсақ мінезді, биязы болатын. Және

жомарттығымен де аты шыққан еді. Оны хазірет Омар

да аса жақсы көретін. Ол жайлы Омар:

“Ана атаулы бұдан кейін дәл Муаздай адамды

дүниеге әкеле алмайды. Егер Муаз болмаса, Омар

құрдымға кетер еді. Муаз менің халифалығым кезінде

тірі болғанда, оны өзімнен кейін халифа етіп тағайындар

едім. Раббым менен оны не үшін халифа еткенімді сұрар

болса: “О, Раббым! өз елшіңнің “Ғалымдар қияметте

бір жерге жиналған кезде, Муаз олардан бір оқ атым

ілгері тұрады” дегенін естідім” деп жауап берер едім”,

– деді

174

.

Хазірет Муаз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүннетін

берік ұстанатын. Бір күні Пайғамбарымыз мешіттің

құбыла жақ дуалынан бір түкірік көріп:

“Әрбіреуіңіз намазға тұрған кезде шүбәсіз

Раббыларыңызбен жүздесесіздер. Раббымыз – құбыла

174

Табақат, 3: 583-590.