193
Мәшһүр сахабалар
– Әлі жалған-жаңсақ сенімді ұстанып жүрмісің? –
деп жақтырмай қарсы алады. Мусғаб ибн Ұмәйр:
– Анашым, мен Мұхаммедтің дінін ұстанамын. Ол
– Аллаһ тағаланың хақ діні. Менің өздеріңізге деген
сүйіспеншілігімді жақсы білесіз. Мен сенген Аллаһқа
және елшісіне сіздің де сенуіңізді қалар едім, – деді
анасына жаны ашып.
Анасы: “Мұсылман болғанымды ел білсе, мазақ
етеді”, – деп ұлының ұсынысын қабылдамай тастайды.
Оның ұсынысын қабылдамаса да, баласының наным-
сеніміне араласпайтын болып келіседі.
Өнегелі ғұмыр кешкен хазірет Мусғабтың
ақыретке көшуі де сондай көркем болды. Ұхұт
шайқасында Пайғамбарымыз Ислам туын Мусғабқа
ұстатады. Ұрыстың шешуші сәтінде, мұсылмандардың
шегінгендерін көріп мына аятты оқиды:
“Мұхаммед
–
ол пайғамбар. Одан бұрын да
пайғамбарлар келген еді. Енді ол өлсе немесе
өлтірілсе, сендер соғысты тастап қашасыңдар ма?”
(“Али Имран”, 144).
Ұрыста тұрыс жоқ. Мусғабқа қырғидай төнген
Ибн Қәймә деген мүшрік оның ту ұстаған қолын шау-
ып түсіреді. Туды екінші қолына ауыстырып үлгірген
Мусғаб ол қолын да сақтап қала алмады. Екі қолы да
қырқылып түскен Мусғаб туды аузымен қағып алып,
кеудесінде ұстап тұруға тырысты. Басқа бір сахаба
жетіп келіп туды алады. Бұл – періште еді. Мусғабтың
бейнесіне кіріп шайқасты жалғастырды. Оны көрген
Пайғамбарымыз “Мусғаб!” деп дауыстағанда ол “Мен
Мусғаб емеспін, ей, Расулаллаһ!”
172
деп жауап берді.
Мусғаб ибн Ұмәйрдің шейіт болғанын сол кезде
172
Табақат, 3:121.