213
Мәшһүр сахабалар
ламай, бұл дүниенің негізгі иесіне бағыштау деген сөз.
Ол өлген кезде, артында тек жаугершілікте мінген аты
мен қылышын қалдырды.
Хазірет Халид ибн Уәлид қайтыс болар кезде:
“Атымды, қылышымды әкеліңдерші, оларды соңғы
рет бір көрейін”, – деп өмірін сұрапыл шайқастарда
өткізгендігін еске ала көкірегі қарс айрылды. Бүкіл
ғұмырын сұрапыл шайқас үстінде шейіт болуды арман-
дап өткізген нар тұлғалы, алып батыр Халидке төсек
тартып жатып өлу ауыр тиді. Бұл сезімін:
“Қаншама шайқасқа қатыстым. Денемде қылыш
сілтеніп, найза қадалмаған, оқ тимеген сау тамтық жер
жоқ. Алайда төсегімде жан тәсілім етіп барам. Қорқақтар
дүниеде масайрамасын”, – деп кетті өлерінде.
Аллаһтың қылышы дүниеден озған кезде халифа
Омар: “Халид сияқты ерлерді ендігәрі ешбір ана дүниеге
әкеле алмас”, – деп егіле жылады. Алайда ол тек Халид-
ты жоғалтқаны үшін емес, өлімнің Омардың қолындағы
мүмкіндіктен қаққаны үшін жылады. Өйткені, Халид
өлмегенде халықтың жаңылыс сезімі басылған соң оны
қайтадан қолбасшы етіп тағайындағысы келген еді
199
.
***
199
Р. әл-Бәша, 1, 507.