217
Мәшһүр сахабалар
кейін Біләл тамаша жуан қоңыр даусымен күніне бес
рет мұсылмандарды намазға шақыратын болды. Аллаһ
елшісінің көзі тірісінде азанды алғашқы күннен бастап
соңғы күнге дейін тек қана Біләл оқыды.
Біләлдің дүниеде ең жақсы көргені Аллаһ елшісі-
нің (с.а.с.): “Уа, Біләл! Азан шақырып бір сейілтші”
203
– деуі болатын. Ардақты елші (с.а.с.) Біләл Хабашиді
жақсы көргендіктен: “Азаншылардың мырзасы Біләл
қандай бақытты” оған қоса “саййдуль-муәззинин”
(азаншылардың мырзасы) – дейтін.
Пайғамбарымыздың оған азан шақыру міндетін
жүктеуі Ислам дұшпандарының зығырданын қайнатып,
жынына тиді. Өйткені әуел баста құлдары болған
қайдағы біреудің енді келіп құлақ түбінен Аллаһтың
атынжар салғанын қабылдай алмады.Мекке алынғаннан
кейін Біләлдің Қағбада азан шақырғанын көре алмаған
азулы дұшпандар: “Мұхаммед азан шақыру үшін
мына қара қарғадан басқа жөні түзу адам таппады
ма?”– деп келемеждеумен болды. Әлсіз, дәрменсіз
басыбайлылардың Исламның арқасында мұншама өсіп,
айналасындағыларға сыйлы болуын көре алмады. Тіпті
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: “Мына Біләл сияқты
ешкімі жоқ пақырларды қасыңнан қусаң ғана саған
иман келтіреміз. Бұлармен біз бірдей бола алмаймыз”,
– деп тәкаппарланды.
Ислам дұшпандары Біләлді сирағынан асып,
үйітіп жейтіндей жек көрсе де, ол олардың бұл
пасық қылықтарын шыбын шаққан құрлы көрмеді.
Өйткені, ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жылы лебізі мен
сүйіспеншілігіне, жоғары марапаттарына ие болған
еді. Оның бүкіл арман-тілегі де осы. Иман нұры бой-
203
Табақат, 3:234.