Previous Page  222 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 222 / 336 Next Page
Page Background

222

Cаңлақ cахабалар

мүшріктердің азабына одан әрі шыдай алмай, Мәдинаға

қоныс аударды. Барын жолына жұмсаған ол бүкіл

шайқастарда үлкен ерлік көрсетті.

Хазірет Саид мықты қолбасшы болатын. Йәрмуқ

соғысында Әбу Ұбайда ибн Жаррах (р.а.) халифа Омар-

дан (р.а.) көмек сұрады. Халифа мың адамға татырлық

төрт адамды жіберді. Бұлардың арасында Саид ибн

Әмир де бар еді. Византиялықтарға қарсы болған

сұрапыл Йәрмуқ шайқасында хазірет Саид үлкен

қаһармандық пен жанқиярлық танытты.

Саид ибн Әмир – көзі қарақты, парасатты басшы,

әділетті саясаткер әрі майталман дипломат. Пайғамба-

рымыздың суффада тәрбиелеген сахабаларының бірі

Саидты бойындағы тамаша қасиеттеріне орай халифа

Омар Хумусқа әкім етіп тағайындады. Бастапқыда Саид

бұған қарсылық білдірсе де, хазірет Омар бой бермеді.

Қысқа уақыттың ішінде ол халыққа өзін сүйдіре білді.

Басшылық міндетін абыроймен атқарды. Халықтың

мұң-мұқтажына құлақ асып, әлсіздерге қамқорлық

көрсетті. Тіпті мұсылман болмағандардың өзі оның

басшылығына дән разы болды.

Омар Фаруқ бірде Сирияға соқты. Қаланың

солтүстігіндегі Хумустан өзі тағайындаған сенімді

әкімді көргісі келді. Мақсаты: әкімінің жағдайын әрі

халықтың ол жайлы ойын білу еді. Халифаның қалаға

келгенін естіген халық түгел жиналды. Халифа олар-

дан: “Уа, Хумус халқы! Әкімдеріңіз қалай? Көңілдеріңіз

тола ма? Ол жайлы айтар қандай шағымдарыңыз бар?”,

– деп сұрады.

Халық жалпы разы екендігін, бірақ түсінбеген

кейбір жағдайларға байланысты шағымдары барын