228
Cаңлақ cахабалар
Үнәйс бауырының айтуымен Меккеге барып, онда
Пайғамбарымызбен кездесіп сөйлескен соң қайтып
келді.
Әбу Зәрр інісінен көрген-білгендерін сұрай баста-
ды. Сондағы Үнәйстің жауабы:
“Меккеге бардым, айтқан адамыңмен кездестім.
Ол халықты тек жақсылыққа шақырып, жамандықтан
аулақ болуға үндейді, адамгершілікті уағыздайды.
Халық оны “шайыр, сәуегей, сиқыршы” деп атай
береді екен. Көріпкелдің талайын тыңдадық қой, оның
айтқаны сәуегейлікке тіптен ұқсамайды. Шайыр дейін
десем, оған да келмейді, айтқандары біз білетін өлеңнен
мүлде басқа. Сиқыршы деу де тіпті қисынсыз.
Қысқасы, хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) туралығына
көзім жетті. Оған пәлен-түген деп кінә таққандардың
өздері өтірікші”.
Мың естігеннен бір көрген артық. Әбу Зәррді
Үнәйстің айтқандары қанағаттандырмай, оны өз көзімен
танып білмейінше көңілі өрекпіп, ақыры әуесқойлығы
жеңіп, өзі барып көруге бел байлады.
Бауыры абай болуын, өйткені, Пайғамбарымыздың
әкелген жарық нұрын сөндіруге тырысқан мүшріктер
мұсылмандықты қабылдағандарды азаптап, көрінген
жерде соққыға жығып салатын жағымсыз әдетті қолдан
асқындырып отырғанын ескертті.
Әбу Зәрр неше күн кенезесін кептірген аптапты
шөлді жүріп өтіп, Меккеге жетті. Қалаға келген бетінде
тікелей Қағбаға тартады. Айналасындағы адамдарға
аңтарыла қарап, алақтап, ардақты Пайғамбарымызды
(с.а.с.) іздеумен болды, бірақ танымығандықтан
таба алмады. Жұрттан сұрауға да батылы жетпеді.
Өйткені, бауыры айтқандай, Меккеде мұсылмандар