234
Cаңлақ cахабалар
Егер бір жақсылығы болса, Аллаһ бізге жеткізеді”, –
деді.
Түс әлетінде ұзақты барлап тұрған қарауыл “Ана
жақта жалғыз адам бізге қарай келе жатыр” деп ха-
барлады. Аллаһ елшісі: “Бәлкім, бұл Әбу Зәрр шығар,
оның сол болуын қалаймын”, – деді. Сахабалар күш
сала қарап кім екенін көруге асықты. Ақыры жалғыз-
жаяу да келіп жетті. Ол Әбу Зәрр еді.
Түйесі әбден болдырып, жатып қалған соң бүкіл
жүгін арқасына салып, жалғыз өзі шөл далада аш, сусыз
тартып отырып, өлдім-талдым дегенде әскерлерге жет-
кен еді. Аллаһ елшісі оны көріп қатты қуанды:
“Аллаһ Әбу Зәррға мейірімін жаудырсын! Ол
жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүріп, жалғыз қайтыс бо-
лады”, – деді
213
.
Әбден шаршап-шалдыққан Әбу Зәррға
Пайғамбарымыз:
“Уа, Әбу Зәрр! Маған келіп жеткенге дейінгі басқан
әр қадамың үшін Аллаһ бір күнәңді кешірсін”, – деп
тілек тіледі
214
.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) да оған деген құрметі
ерекше болатын. Оны көргенде үнемі күлімсіреп,
кездескеніне қуанышты екенін де білдіретін. Әр кез-
дескенде Әбу Зәррдің қолын қысып амандасатын. Бұл
жайлы Әбу Зәрр:
“Расулаллаһтың менімен кездескенде қолымды
қысып амандаспаған уақыты болған емес. Бір күні
мені шақырып келуге біреуді жұмсады. Мен ол кез-
де үйде жоқ едім. Үйге келгенімде Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) шақырғанын естір-естімес оның қасына құстай
213
Усдул-ғаба, 5:188.
214
Сахабилер ансклопедиси, 1:399.