240
Cаңлақ cахабалар
өскен керемет бау-бақшасы бар екен, мен сол жерде
жұмыс істеп жүрдім. Аллаһ елшісінен ешқандай ха-
бар ала алмадым. Бір күні ағашқа шығып құрма жинап
жатқанмын. Яһуди қожайыным ағаштың көлеңкесін
саялап отырған. Күтпеген жерден оның туыс ағасының
яһуди баласы шыға келді. Ашулы түрде: “Құдайдың
қаһарына ұшырағыр. Бүкіл халық Қубаға кетіп жа-
тыр. Меккеден келген бір адам пайғамбарлығын жария
етіпті. Олар соған сеніп жатқан көрінеді”, – деді. Сол
сәтте толқып кеткенім соншалық – қол-аяғым дірілдеп
қалтырай бастады. Сәл болмаса талдан төмен қарай
тіке қожайынымның үстіне құлап түсе жаздадым. Тез
ағаштан лып етіп түстім де, әлгі адамға: “Не дейсің? Не
дедің? Бұл қандай хабар?”, – дей беріппін. Қожайыным
толқығанымды көріп, алақанының теріс жағымен мені
салып кеп жіберді: “Сенің не шаруаң бар? Алдыңдағы
ісіңе қара!”, – деді. Мен болсам күмілжіп, күбірлеп:
“Ешқандай. Жай әншейін білгім келіп, сұрап едім”, –
дедім. Сөйттім де қайта ағашқа шықтым. Ымырт үйіріле
қолымдағы барымды жинап алып, Қубаға тартып
тұрдым. Аллаһ елшісі сахабаларымен бірге сұхбаттасып
отыр екен. Мен оларға: “Сендер кедей жансыңдар. Мен
садақа алатын жер іздеп жүр едім. Мыналарды сендер
үшін әкелдім. Ал, кәне, дәмнен алыңдар”, – дедім.
Аллаһ елшісі (с.а.с.)
жанындағыларға қарап: “Сендер
жеңдер”, – деді. Өзі ауыз тимеді. Ішімнен “Монахтың
айтқан бірінші белгісі” дедім. Ертеңіне тағы бардым:
“Бұл садақа емес, сендерге арнаған сыйым, дәмнен
алыңдар”, – дедім. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
сахабаларға
қарап “алыңдар”, – деді. Өзі де жеді. Ішімнен “екінші
белгі де анықталды”, – дедім.