Previous Page  241 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 241 / 336 Next Page
Page Background

241

Мәшһүр сахабалар

Бір күні сахабалардың біреуі қайтыс болды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаназаға қатысып, Бақиу’л-

Ғарқадқа (Мәдина мазараты) келді. Жанына барып

сәлем бердім. Сосын арқа жағына барып, пайғамбарлық

мөрін көруге тырыстым. Ол ниетімді сезе қойды. Он-

сыз да иықтары ашық болатын. Осылайша көзге ұрып

тұрған пайғамбарлық мөрін көрдім. Үшінші белгі де

дәл монахтың сан жылдар бұрын айтқанындай. Өзіме-

өзім ие бола алмай айрықша толқып, құшақтап, мөрді

сүйе бастадым. Аллаһ елшісі (с.а.с.): “Тоқта, тоқта!”,

– деді. Мен кейін шегіндім. Содан кейін алдына отыр-

дым да, басымнан кешкенімді түгелдей баян еттім. Ол

қатты қуанды. Тіпті, бұл айтқандарымды сахабалардың

да естуін қалады...”

220

Мұсылман болғаннан кейін оны Пайғамбарымыз

сахабаларымен бірігіп иесінен сатып алып азат етті.

Іздегеніне қолы жеткен Сәлман бүкіл ғұмырын хақ

дінін жаюға атады.

Оның алғаш қатысқан шайқасы – Хәндәқ шайқасы.

Бұл шайқас – Ұхұт шайқасынан екі жылдан кейін болған

маңызды қақтығыстардың бірі.

Мүшріктер одақтастарымен бірігіп он мың әскер

жинап, Мәдинаға шабуыл жасады. Пайғамбарымыз

қаланың ішінде тұрып қорғаныс жасағанды мақұл

көрді. Алайда қалаға кіруге бөгет боларлық қорғанның

болмауы, қаланы жаудан қорғап қалуда қиындық

туғызды. Пайғамбарымыз сахабаларымен кеңесті.

Сәлман Фарисидің ұсынысы қабылданып, қаланың ай-

наласына ор қазылды. Қазылған ор шайқаста жеңіске

жетуге басты себеп болғандықтан, бұл шайқас Хәндәқ

(ор) деп аталған еді. Осылайша мұсылмандар Сәлман

220

Сира, 1

228-234.