Previous Page  245 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 245 / 336 Next Page
Page Background

245

Мәшһүр сахабалар

Мәдинадағы яһудилер де Әлемдердің рақым нұрын

(с.а.с.)

екі көзі төрт болып күтуде еді. Оның келуіне аз

қалғанын да сезетін.

Аллаһ тағала Хусәйннің тілегін қабыл етіп, оның

соңғы Пайғамбармен кездесуін және Ислам шуағын

жаю жолында қызмет етуді нәсіп етті. Пайғамбарымыз-

бен жолығып, мұсылман болуы жайлы өзі былай

дейді:

“Аллаһ елшісінің пайғамбарлығын естіген кезде

қуанышым қойныма сыймады. Өйткені, алдын ала оның

атын, сипаттарын және келетін уақытын кітабымыздан

оқып білген едім. Сол күнді асыға күттім. Алайда оның

Мәдинаға келгеніне дейін мұны ешкімге айтпауды жөн

көрдім. Аллаһ елшісінің Қубаға келгені жайлы бір кісі

хабар жеткізгенде мен құрма ағашының басында құрма

жинап жатқан болатынмын. Нағашы әпкем Халида бинт

Харисә ағаштың түбінде отырған. Аллаһ расулының

(с.а.с.) келгенін естіген кезде қуанғаннан бар даусым-

мен “Аллаһу әкбар!” дедім. Айқайлағанымды ұнатпаған

әпкем:

– Өй, құдай ұрғыр! Егер Имранұлы Мұса келсе,

мұншама қуанбас едің, ә? – дегенде қуаныштан жүрегім

жарыла жаздап:

– Әпкетайым-ау! Аллаһқа ант етейін! Имранұлы

Мұса қандай дінді уағыздаған болса, ол да сол дінді

жаю үшін жіберілген, – дедім. Аңтарылып қалған әпкем

бір сәт ойланды да:

– Әлде бұл біздің қияметтен бұрын келуін сарғая

күткен соңғы пайғамбар ма? – дегенде, әпкеме:

Иә, нақ өзі, – дедім.

Аллаһ елшісін көру үшін оқтай ұштым. Барғанымда

есігінің алдында адамдар лық толы екен. Әрең деген-