251
IV БӨЛІМ
ҒАЛЫМ САХАБАЛАР
Ғалым сахабалар
Пайғамбарымыздың тұсында өмірін Құран мен ха-
дис үйренуге арнаған, діни мәселелерді шешуде үлкен
беделге ие ерекше сахабалар болды. Олар халыққа
Құран аяттарын Пайғамбарымыздан үйренгендеріндей
түсіндіріп, діни үкімдер шығарып, бұқараның руха-
ниятына ықпал етіп отырған. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
олардың көбісін халыққа Исламды үйрету үшін жан-
жаққа мұғалім етіп жіберген. Бұлардың алғашқысы төрт
халифа. Олардан кейінгі сахабалар өз араларындағы
ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
а.Рижалул-Қур‘ан
: Бұлар – Құран кәрімді ең
жақсы білген, керемет оқыған әрі жатқа білген сахаба-
лар. Олар өмірлерінің, уақыттарының көпшілігін Құран
үйретуге арнағандар. Олардың арасындағы мәшһүр са-
хабалар мыналар: Абдуллаһ ибн Мәс‘уд, Сәлім Мәулә
Әби Хузәйфа, Үбәй ибн Кә‘б, Муаз ибн Жәбәл, Зәйд
ибн Сәбит, Әбу Муса әл-Әш‘ари, Әбу Зәйд әл-Әуси,
Әмир ибн Фухайра, Төрт халифа, әйелдерден хазірет
Айша, Хафса және Үмму Сәлама т.б.
ә.Рижалул-хадис:
Бұл топтағылар – Пайғамбары-
мыздан (с.а.с.) естігендерінжаттап, оның іс-әрекетін қаз-
қалпында басқаларға жеткізуді өздерінің басты парызы
деп білген сахабалар. Олар әлемдердің Ардақтысының