249
Мәшһүр сахабалар
Абдуллаһ ибн Сәламның дәрежесі қаншалықты
жоғары болғанына Құрандағы мына аят куәлік етеді:
“Көрдіңіздер ме? Егер Құран Аллаһтан түсіп,
сендер оған қарсы болсаңдар, сондай-ақ, Израил
ұрпақтарынан осы сияқты Құранда білдірілген
ақиқаттарға куәлік етсе де, сендер тәкаппарлық
жасап, менменсіп иман етпесеңдер, әрине, Аллаһ за-
лым елді тура жолға салмайды”
–
де”
(“Ахқаф”, 10.)
Абдуллаһ ибн Сәлам сахабалардың арасын-
да білімділігімен қатар тақуалығымен көзге түсіп
“Абадилаус-саб‘а” (жеті Абдуллаһ) деген атпен таны-
мал ғалым сахабалардың бірі еді. Ол жайлы Муаз ибн
Жәбәл қайтыс болар кезде өзінен өсиет сұрағандарға:
“Ілім мен иманға іздеген адам жетеді. Ілімді
мына төрт кісіден алыңдар: Әбу Дәрдә, Сәлман Фари-
си, Абдуллаһ ибн Мәсуд және Абдуллаһ ибн Сәлам.
Өйткені Аллаһтың Елшісі “Абдуллаһ ибн Сәлам –
Жәннатпен сүйіншіленген он адамның он біріншісі”
деген болатын” деп өсиетін айтып кетті
226
.
226
Табақат, 2:353; Усдул-ғаба, 3:177; Кеңірек мәлімет үшін
қараңыз: Р. Хайламаз, Диллердеки мужде, Измир, 2003, 173-
191.