248
Cаңлақ cахабалар
Әрине, Абдұллаһ ибн Сәлам сияқты ғалымдарының
басқа дінге өтуі олар үшін ауыр соққы болды. Мұсылман
болмастан бұрын яһудилер оны пір тұтып, құрмет
көрсетсе, Исламды қабылдағаны үшін одан тайқып
шыға келді.
Абдуллаһ ибн Сәлам Пайғамбарымызбен (с.а.с.)
ақылдасып яһудилерді сынамақ болды. Пайғамбарымыз
яһудилерді үйіне жинап, әдейі хазірет Абдуллаһ жай-
лы пікірлерін сұрады. Олар Абдуллаһтың да, әкесінің
де араларындағы ең абзал, ең қайырлы, ең білімді
кісілер екенін айтып мақтады. Пайғамбарымыз олар-
дан: “Егер Абдуллаһ мұсылман болса, сендер де иманға
келесіңдер ме?”, – деп сұрайды. Яһудилер бұлай бо-
луы мүмкін емес деп ойлағандықтан: “иә”, – деп жау-
ап берген кезде, Пайғамбарымыздың үйінде жасыры-
нып тұрған жерінен шыққан Абдуллаһ Мұхаммедтің
(с.а.с.) Тәурат пен Інжілде жазылған соңғы Елші екенін
қабылдағанын айтады, бірақ яһудилер табан астын-
да тайқып шыға келді. Алдында ғана мақтан тұтып,
халқының қалаулысы, елінің елеулісі екенін айтқан
яһудилер оны жерден алып жерге салды. Әкесінің
де, өзінің де араларындағы ең жаман адамдар екенін
беттері бүлк етпей айтып шыға келді
225
.
Абдуллаһ ибн Сәлам өзінің қандастарына қарап:
– Әй, яһудилер! Аллаһтан қорқыңдар. Мұхаммедтің
айтқандарын қабылдаңдар. Сендер оның Тәуратта
аты мен сипаттары жазылған пайғамбар екенін де
білесіңдер, – деген еді. Алайда пайғамбарлықтың
өз араларынан шықпағанын көре алмаған өркөкірек
яһудилер ақиқатты қабылдағысы келмеді.
225
Сира, 2:164.