Previous Page  254 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 254 / 336 Next Page
Page Background

254

Әбу Һурәйра

“Аллаһым, Әбу Һурәйра мен анасын бүкіл мүминдерге

сүйікті ет!”.

(Хадис)

Бүкіл Ислам әлеміне аты әйгілі Әбу Һурәйра

– Йеменнің Дәус тайпасынан шықты. Хижраның

жетінші жылында Исламды қабылдап, нұрлы Мәдинаға

көшкен. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанында төрт жыл

тұру бақытына ие болған қадірлі сахабалардың бірі.

Көптеген хадистердің кейінгі ұрпаққа келіп жетуіне

сүбелі үлес қосқан. Діни үкімдердің жартысына жуығы

осы асыл тұлға арқылы біздің заманымызға келіп жет-

кен.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қонақжайлылығы мен

жомарттығының арқасында Аллаһ елшісінің мешітінде

тек қана ғибадат етіп, ілім үйренген, Исламның негізгі

қағидаларын сақтап қалу жолында үлкен ыждағат

көрсеткен сахабалардың бірі

227

.

Тайпа басшысы Туфәйл ибн Амр мұсылмандықты

қабылдар-қабылдамас өз руластарының арасындаИслам

нұрын таратуға құлшына кіріседі. Оның себепкерлігімен

ұшқын шашқан иман шоғы руластарының жүрегінде

жалынға айналады. Әбу Һурәйра да Туфәйл ибн

‘Амрдың себепкерлігімен Ислам шуағына шомылған.

Жүрегіне иман ұялаған ол Ардақты елшіні (с.а.с.) бір

көруге ынтығады.

227

Ибн Кәсир, әл-Бидая уә-н-нихая, Бейрут, 1966, 8: 108-110.