Previous Page  256 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 256 / 336 Next Page
Page Background

256

Cаңлақ cахабалар

анасын көндіре алмады. Амалы таусылған Әбу Һурәйра

тілектері сөзсіз қабыл болатын Аллаһтың сүйіктісіне

уайымын ақтарып: “Расулаллаһ, анамды қаншама рет

Исламға шақырдым, иілетін түрі жоқ. Онысымен де

қоймай, сіздің қасиетті атыңызға ауыр сөздер айтады.

Бұдан былай шыдай алар емеспін. Анамның тура жолға

түсуі үшін Аллаһқа дұға етуіңізді өтінемін”, – деді.

Адамзаттың Ардақтысы (с.а.с.)

оның өтінішіне

құлақ асып, дұға жасады. Оның дұғасын Аллаһ тағала

аяқасты етпейтінін жақсы білген Әбу Һурәйра үйіне

құстай ұшып жетіп, есікті қағады. Іштен анасының

“күте тұр” деген жарқын даусын естіп, жүрегі атша ту-

лап бөгеліп қалады. Иман келтіргеннен кейін бой дәрет

алу керектігін де үйренген анасы осыларды орындап

болған соң ұлына есік ашып, “Балам, мен де сенің

айтқандарыңды қабылдаймын; Лә иләһә илләллаһ,

Мухаммадур-Расулуллаһ” деп тілін кәлимаға келтіреді.

Мұны естіген Әбу Һурәйраның төбесі көкке жетті. Бір

сағат бұрын Аллаһ расулына (с.а.с.) мұңын төгіп жы-

ласа, енді сүйінші сұрау үшін оған қарай тұра жүгірді.

Пайғамбарымыздың дұғасының қабыл болғанын ай-

тып, толқыған күйі тағы өтініш қылады:

– Уа, Расулаллаһ, бүкіл мүминдер мені және анам-

ды жақсы көрсін деп дұға етсеңіз, – дегенде, Аллаһ

елшісі алақандарын көкке жайып:

– Аллаһым, Әбу Һурәйра мен анасын бүкіл мү-

миндерге сүйікті ет!”, – деді.

Әбу Һурәйраның айтуы бойынша, осыдан кейін

оны жақсы көрмеген ешкім қалмаған еді

229

. Қазір де

оны таныған адамның сүйері сөзсіз.

229

Муслим, Фәдәилус-сахаба, 158; Табақат, 4:328.