Previous Page  246 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 336 Next Page
Page Background

246

Cаңлақ cахабалар

де қасына жақындадым. Айтқан сөздерінен алғаш

естігенім мынау болды:

Ей, жарандар! Араларыңда сәлемді кең тара-

тыңдар. Елге тамақ жегізіңдер. Түн қараңғылы-

ғында, ел шырт ұйқыда жатқанда намаз оқыңдар,

туған-туыстарыңмен байланыс үзбей көңілін

сұраңдар, осылайша Жәннатқа кіретіндіктеріңе

сенімді болыңдар

.

Бұл сөздерге қатты еліткен мен бет-әлпетіне бар-

лай қарап: “Мынадай жүзде ешбір жалғандық жоқ”, –

деп бірден иман келтірдім.

Аллаһ елшісі:

– Сенің атың кім? – деп сұрағанда:

– Хусәйн ибн Сәлам, – дедім.

– Жоқ, сенің атың – Абдуллаһ ибн Сәлам, – деді.

Осыдан кейін мен басқа есіммен шақырылуды

қаламайтын болдым”.

Тегінде барлық яһуди мен христиандар Аллаһ

елшісімен таныс еді. Бірақ, күншілдік пен кекшілдіктері

иманға келулеріне негізгі тосқауыл болып тұрды. Ап-

анық танып білетіндері сонша – иман келтіруге тек

Аллаһ елшісіне бір сәт көз тоқтатып қараса жетіп жа-

тыр. Олар оның барлық түр-түсін жақсы білетін. Құран-

Кәрім осы ақиқат жайлы былай дейді:

“Өздеріне кітап бергендеріміз, оны өз ұлдарын

танығандай таниды. (Бұған қарамастан) олардың

біртобы, білетұрашындықтыжасырады”

(“Бақара”,

146).

Аятта Аллаһ елшісінің (с.а.с.) есімі аталмай, “оны”

деуі мынандай мағынаны меңзейді. Кітап иелерінің

(яһуди, христиан) барлығы соңғы келетін Пайғамбары

сөз етіп, “ол” деген кезде бәрі Тәурат пен Інжілде есімі

жазылған кісі деп білетін. Ол күдіксіз хазірет Мұхаммед