Previous Page  237 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 237 / 336 Next Page
Page Background

237

Сәлман әл-Фариси

“Жәннат мына үш кісіні аңсайды: Әли, Аммар ибн Ясир

және Сәлман”.

(Хадис)

Бұл нағыз Жаратушысын іздеп, шарқ ұрған

адамның қиындыққа толы тамаша хикаясы.

Парсы жерінің Исфахан аймағындағы Рамахурмуз

ауылында жарық дүниеге келген Сәлманның шын аты

– Мәбаһ

217

.

Иран жерінде ол кездері отқа табыну кең тарап,

Ислам шуағы әлі ол өңірге жете қоймаған еді. Жарату-

шыларын ұмытып қараңғылықта қалған ел Аллаһтың

нұрынан емес, тілсіз оттан медет тілеп, құлшылық жа-

сайтын.

Сәлманның әке-шешесі де сол қоғамның дәстүрі

бойынша өмір сүріп, отқа табынушылардан бола-

тын. Әкесі сол өңірдің бай диқаншыларының бірі еді.

Сәлман – оның дүниеде ең жақсы көретін жалғыз ұлы.

Әке сүйіспеншілігі соншалықты баласын көзден еш

таса етпей, сыртқа да шығармай үнемі үйінде ұстайтын.

Сәлман үйлерінде жанып тұрған оттың қараушысы бо-

латын. Көзін ашқалы отқа табынудан басқа еш нәрсені

көрмеген Сәлман да қоғамының ата салтын ұстанып,

үйіндегі жанып тұрған отқа көзінің қарашығындай

қарайтын.

Күндердің бір күнінде әкесі тірліктеріне үлгермей

жатқандықтан Сәлманды өзінің егістік жерінің

біріне жіберуге мәжбүр болды. Баласына оны көзінің

217

Табақат, 4:75, Усдул-ғаба, 2:417.