235
Мәшһүр сахабалар
ұшып жеттім. Көрпешенің үстінде отырған еді. Мені
құшақтады. Бұл құшақтау – мен үшін өте қымбат” –
дегенді
215
. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кез келген адамның
қолын қысып, кеудесіне басуы ол адам үшін зор бақыт
еді!
Хақ пайғамбар дүниеден озған кезде Әбу Зәрр
оның мейірім шашқан сұхбатынан жырақ қалып, көңілі
астаң-кестең болды. Нұрлы қала Мәдинаның шуағы
сөніп, тынысы тарылды. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жан-
тәнімен берілген Әбу Зәрр бұл қасірет қапаға төзе ал-
май, Сирияға көшіп кетті.
Сән-салтанатпен жан рахатына бөленіп өмір
сүруден ауылы алыс Әбу Зәрр өмірінің соңына
дейін қарапайым ғұмыр кешті. Өте қанағатшыл еді.
Қазынадан тағайындалған айлығының өте аз мөлшерін
өзі жұмсап, қалғанының бәрін кедей-кепшікке таратып
беретін. Басқалары аш қалып, өзінің тоқ болғанын еш
қаламайтын. Керегінен артық дүние жинауға қарсы
шығатын. Өзі осылай өмір сүрген ол басқалардың да
солай өмір сүруін қалайтын. Өзінің пікірлерін бәріне
қабылдатуға тырысты. Әрине, бәрін тақуалыққа
мәжбүрлеу мүмкін емес. Сондықтан да кейбір тұрмысы
жақсы болғандар оның бұл қылығын Сирияның әкімі
Муғауияға жеткізді. Халықтың арасында мазасыздық
тудырмау үшін ол халифа Османмен келісімі бойынша
Мәдинаның шетінде, Мекке жолында орналасқан Рәбзә
ауылына қоныс аударады.
Болмысынан туралықты жақтайтын сахабалардың
бірі еді. Әділетсіздікке жаны шыдамайтын. Ойының
дұрыстығына көзі жетсе, қарсы алдында халифа болса да
табан астында тартынбастан айтып салатын. Туралығы
215
Әбу Даууд, Суннәт:2.