230
Cаңлақ cахабалар
– Мен Ғифар руынанмын. Осы Меккеден
ақырзаманның пайғамбары шықты деп естідім. Сол
адамға жолығайын деп келіп едім.
Әбу Зәррдің мақсатын ұққан жас сахаба Әли
көздері күлімдеп:
– Сен тура жолды таптың, қуаныштымын. Мен
қазір Расулаллаһқа бара жатырмын. Сен де ізімнен
жүріп отыр. Мен кірген есіктен сен де кір. Нысаналы
жерге жеткенше осылай бейтаныс кісілерше жүріп ба-
рамыз. Егер алда-жалда жолай саған зияны тиетіндей
біреу кездесе қалса, еңкейіп, кебісімді түзеткен бо-
лып белгі беремін. Ал, сен маған қарайламай, тіп-тіке
қасымнан өте шық, – деді.
Сөйтіп екеуі үйден шықты. Хазірет Әлидің ізімен
жүріп отырып, Әбу Зәрр аман-есен Расулаллаһтың
(с.а.с.) құзырынан бір-ақ шығады.
Әбу Зәрр кірген бетте:
– Ассаламу аләйкум (Аллаhтың рахметі саған жау-
сын), уа, Аллаhтың Расулы! – деді.
Сүйікті Пайғамбарымыз:
– Уа алайкумус-салам (Аллаhтың рахметі саған да
жаусын), – деді
Ислам тарихында бұлайша сәлем берген тұңғыш
адам – осы хазірет Әбу Зәрр. Содан бастап осылайша
сәлем беріп, жауап алу әдетке айналды
208
.
Адамзаттың ардақтысы – Мұхаммед (с.а.с.)
Аллаhтың соңғы діні, иманның шарттары жайында
егжей-тегжейлі баяндап берген соң Әбу Зәрр сол жерде
кәлимаға тілін келтіріп, мұсылман атанады.
208
Р. әл-Бәша, 1, 116.