Previous Page  232 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 232 / 336 Next Page
Page Background

232

Cаңлақ cахабалар

– Неткен жауызсыңдар! Ғифар руының адамын

өлтіріп, осы күндеріңді өздеріңе көп көріп отырсыңдар

ма? Ғифарлар сауда жолын жауып тастаса, не

істейсіңдер?! – демегенде мүшріктердің қолынан мерт

болуы мүмкін еді

209

.

Осы оқиғадан кейін Әбу Зәрр Мәдинаға жақын

орналасқан Ғифарға қайта оралды. Еліне орала салы-

сымен хақ дінді таратуға ынта-шынтасымен кірісіп

кетті. Оның себепкерлігімен анасы, бауыры және

руластарының жартысы Исламды қабылдады

210

.

Хижраның алтыншы жылына дейін сонда болып,

Бәдір, Ухуд, Хәндек шайқастарына қатыса алмады.

Одан кейін Мәдинаға қоныс аударды. Адамзаттың

ардақтысы, Сүйікті елшінің (с.а.с.) қасынан бір

елі ажырамады. Түннің бір уақытына дейін сырлы

сұхбаттарына қатысатын. Ол Аллаһ елшісінің қасында

болып, оған қызмет етуді дүниеде барлық нәрседен

артық көретін. Аллаһ елшісі қайтыс боларында үнемі

жанынан айрылмаған сахабалардың арасында Әбу Зәрр

да бар болатын

211

.

Аллаһ елшісін (с.а.с.) пәруанадай сүйді. Бұл

сезімін Пайғамбарымызға: “Жақсы көргеніне деген

адам жүрегінің сүйіспеншілікке мұншама толы бо-

латынына таңырқаймын. Менің жүрегім де Аллаһ

пен Оның Елшісіне деген махаббатқа толы”, – деп

тебірене жеткізеді. Сүйіспеншілігімен қоса Аллаһқа

мойынсұнуы да шексіз еді.

209

Д. Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.с.)

пайғамбардың өмірі, Мекке кезеңі, Алматы, 2003, 1.т, 157-

160.

210

Усдул-ғаба, 5:187; Бухари, манақыб: 82.

211

Муснәд, 5:16.